ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Туу туралы куәлік әзірге қағаз түрінде беріледі

16:15, 12 қаңтар 2022

Өңірдегі төтенше жағдайға қарамастан облыстағы медициналық нысандар штаттық режимде жұмыс жасап тұр. Жоспарлы, жедел медициналық қызмет көрсету барлық нормативтерге сәйкес жүргізілуде. Ғаламтордың жұмысына байланысты кей анықтамалар, жолдамалар қағаз түрінде беріледі.

Гүлнәр Бұратаева, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Барлық жолдамалар, сараптамалар қағаз түрінде беріліп жатыр. Перинаталдық орталықта жаңа туған сәбилердің туу туралы куәлігі де осы қағаз түрінде ұсынылады. АХАТ бөлімімен келісім бар. Одан бөлек, вакцинация паспорты да осы форматта беріледі. Жағдай реттеліп, ғаламтор толық істеген кезде бәрі электронды форматқа ауыстырылады.

 ЭКО-ға  281 квота бөлінді

Сонымен қатар, «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Павлодар облысында бала сүюді аңсап жүрген отбасыларға  биыл 281 квота бөлінді. Қазіргі таңда өңірде 810 отбасы осы көмекті алуға  мұқтаж. Бірақ олардың барлығы тегін мемлекеттік квотаға ие болу үшін тиісті медициналық тексерістен өтіп, қажетті құжаттарды тапсырады.

Гүлнәр Бұратаева, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Эко бағдарламасына қатысқысы келетіндер үшін басты талап ерлі зайыптылар вакцинаның екі компонентін де алуы керек. Қай екпені салдыратынын өздері таңдайды.

Вакцина алмаған жүкті әйелдер бар

Қазіргі таңда өңірде 9 жүкті келіншек ковидпен ауырып, стационарда ем қабылдап  жатыр. Олардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында.  

Гүлнәр Бұратаева, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Бізде ауыр, аса ауыр жағдайдағы жүкті пациенттер болды. Олардың өкпелерінің 60, 80, 92 пайызы қабынған. Олардың барлығы екпе алмаған. Өкпесінің 60 пайызы зақымданған келіншек жақында босанды. Баланың дені сау,   әйел қазір медициналық көмек алып жатыр.

Осы ретте, мамандар жүкті әйелдерді вакцина алуға шақырады. Қазіргі таңда облыста 4805 жүкті келіншек екпе салдырған. Ал, өңірде пфайзердің 2501 дозасы бар.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...