ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Тұмаумен ауырғандар тіркелген жоқ

22:22, 24 қыркүйек 2021

Тұмауға қарсы екпе алдыңыз ба? Аталмыш вакцина жылдағыдай алдымен балаларға, диспансерлік есепте тұрғандарға, медициналық қызметкерлерге салынады. Ал, облыста тұмауға шалдыққан тұрғындар тіркелді ме? Келесі сюжетте толығырақ.

Павлодар облысында тұмауға қарсы екпе салу науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл өңірге былтырғы жылдармен салыстырғанда вакцина көбірек жектізілді. Осылайша аймақ тұрғындарының 20 пайызына екпе салу жоспарланып отыр.

Гүлмира Құлмағамбетова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Биыл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ақпаратынша үш штамм болады. Бұл А Тұмауының 2 Гонконгтік  түрі және Вашингтондік Б тұмауы циркуляцияда болады. Осы үш штаммға бізге жеткізілген «Гриппол+» екпесі қарсы тұра алады. Ол ресейлік вакцина.

Айта кетейік, вакцинаны бірінші кезекте оқушылар, медициналық қызметкерлер, қарттар үйінің тұрғындары, 50 жастан асқан азаматтар, диспансерлік есепте тұрған тұлғалар, 2-3 семестрдегі жүкті әйелдер, қызмет көрсету саласында істейтін адамдар ала алады.

Ғизат Әбешев, санитарлық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Гриппқа қарсы вакцина 6 айдан бастап салына береді. Барлығы ата ананың рұқсатымен, ешқайда салынбайды. Онкологиямен барлығы дәрігерлер өздері шешеді.

Жалпы облысқа биыл тұмауға қарсы вакицнаның 168 мыңнан аса дозасы бөлінген. Екпе салу науқаны 15 қазанға дейін жалғасады. Ал, квиге қарсы екпе алғандар үшін арнайы интервал белгіленген.

Гүлмира Құлмағамбетова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Коронавирусқа және тұмауға арналған вакциналар бір кезеңде егілуде. Бірақ бұл вакциналар бір уақытта салынбайды. Екеуінің арасында 3 апта, 1 айдай интервал бар.

Айта кетейік, Павлодар облысында тұмаумен науқастанған тұрғындар тіркелген жоқ. Ал, коронавирустық инфекция бойынша эпидахуал әлі де көңіл көншітпейді.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Бір жастағы бала өздігінен демала алмайды
19:15, 22 қазан 2021
Бір жастағы бала өздігінен демала алмайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...