ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Тұмауға қарсы екпе басталды

17:34, 23 қыркүйек 2021

Тұмауға қарсы екпе салу басталды. Қазіргі таңда облысқа екпенің 168 мың дозасы жеткізілді. 6 мың адам вакцина салдырып үлгерген. Ең бірінші кезекте вакцинаны кімдер ала алады және екпенің қай түрі қолжетімді? Тілші анықтап көрді.

Павлодар облысында тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталды. Айта кетейік, вакцинаны бірінші кезекте медициналық қызметкерлер, қарттар үйінің тұрғындары, 50 жастан асқан азаматтар, диспансерлік есепте тұрған тұлғалар, 2-3 семестрдегі жүкті әйелдер ала алады. Ал, квиге қарсы екпе алғандар үшін арнайы интервал белгіленген.

Ирина Меликова, №4 емхананың бас медбикесі:

Коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтар үшін де арнайы интервал бар. Спутник ви вакцинасын алсаңыз 4 аптадан кейін, Казвак және Корона вак екпесін салдырсаңыз 2 аптадан кейін тұмауға қарсы вакцинаны алуға болады.

Әдеттегідей, екпеге келгендер алдымен дәрігердің қабылдануына кіреді. Айта кетейік, №4 емханаға күніне шамамен 300 адам келіп екпе салдырады. Науқанның соңына дейін емханада тіркелген 13 мыңға жуық адам вакцина алады деп күтілуде. Жалпы облысқа 168 мыңнан аса доза бөлінген.

Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда 100 мыңнан аса доза әкелінді. Емханаларға таратылған болатын. Бүгінгі таңда 6 м ыңнан аса адам екпені алған болатын . Соның ңшңнде ең көбі медиіиналық қызметкрелер болып есептеледі.

Айта кетейік, медициналық мекемелерде ресейлік ГРиппол вакцинасы қолданылады. Тұмауға қарсы екпе салу науқаны 15 қазанға дейін жалғасады.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Бір жастағы бала өздігінен демала алмайды
19:15, 22 қазан 2021
Бір жастағы бала өздігінен демала алмайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...