ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Туберкулезбен ауырғандар көбеюде

17:25, 4 тамыз 2022

Өңірімізде туберкулезбен ауырғандар саны біршама көбейген. Биыл аурушаңдық деңгейі 6,7 пайызға өскен. Ресми деректер бойынша, Павлодар облысында жыл басынан бері туберкулездің 154 жаңа жағдайы тіркелген.

Өткен жылдың осындай кезеңінде 145 науқас анықталған екен. Жалпы соңғы 10 жылда бұл науқас ел бойынша да, облыс бойынша да біршама тұрақталған. Ал, 2020-жылы тіпті ел бойынша 23 пайызға дейін азайған. Бұл жағдай 2021-жылдың бірінші жарты жылдығына дейін сақталыпты. Ал, биыл дәл осы инфекцияның таралуы 6 пайыздан асыпты.

Раушан Калина, фтизиатр-дәрігер:

Пациенттер пандемия кезіндегі әр түрлі шектеулерге байланысты жоспарлы медициналық тексреуден өте алмады. Сондықтан, көрсеткіш осылай төмендеп кетті. Ал, дүние жүзлік денсаулық сақтау ұйымының 2022-жылы маусым айында жарияланған баяндамасында туберкулез ауруы алдағы 2-3 жыл бойы 5 тен 7 пайызға дейін аратындығы айтылған.

  Осыған байланысты қазіргі уақытта туберкулезге қарсы жұмыстар күшейтілуде. Мәселен, флюорографиялық қамту 98 пайызға артқан. 2020-21 жылдары бұл көрсеткіш 75 пайыз шамасында болға екен. Сонымен қатар соңғы уақытта GeneXpert (Жинэксперт) әдісімен зерттеуді де қолға алған.

Раушан Калина, фтизиатр-дәрігер:

Бұл аппарат екі сұраққа жылдам жауап береді. Адамда туберкулез бар ма, жоқ па? Бар болса формасы қандай? Бұл сұрақтарға ол екі сағаттың ішінде жауап береді. Бұрын бұл жауапты үш айға дейін күтіп жүрдік.

Бұл анализатор бүкіл халыққа қолжетімді деуге болады.,  Шарбақты, Баянауыл, Ақтоғай аудандарының, Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалаларында қолжетімді.

Раушан Калина, фтизиатр-дәрігер:

Тұрақты түрде бекітілген кесте бойынша қалалар мен аудандардың барлық емханаларына барып, туберкулезді ерте анықтау және алдын алу бойынша барлық ұсыныстардың орындалуына баға береміз. Әдістемелік және практикалық көмек көрсетеміз.

Сарапшылардың айтуынша, жоспарлы иммундаудың көп жылдық тәжірибесі туберкулезге қарсы күрестің тиімділігін көрсетуде. Сондықтан, барлығын алдын-ала анықтау маңызды болмақ.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...