ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тоғыз адамға медициналық көмек көрсетілді

21:21, 11 мамыр 2022

Павлодарлық дәрігерлер Баянауылдағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтып берді. Облыс орталығындағы ауруханаға түскендердің арасында 16 жастағы жасөспірім бар.

Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жарақат алып стационарға жатқызылған пациенттердің жағдайы ауыр. Басым бөлігінің миы шайқалған. Тағы үш адамның миының көгеруі, тері сыдырылуы, буындардың орнынан шығуы және бас миының шайқалғаны анықталды. Еске салайық, апат салдарынан тоғыз адамға медициналық көмек қажет болды. Қазіргі таңда алдын ала болжам айту қиын,-дейді дәрігерлер.

Дархан Мұсылманов, №1 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

Үш науқастың да барлығы бас сүйектері жарақат алған. Өте ауыр. Милары шайқалған. Кеуде қалқалары зақымданған. Алдын ала болжам айта алмаймыз. Әлі ерте. Пока емдеу жалғасуда.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...