ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Субұрқақ - шомылатын жер емес

22:21, 17 мамыр 2022

Күн райы күрт ысып, субұрқақтарда суға түсетіндердің қатары артты. Әрине, ойын баласы үшін көңіл сергітер қылық екені белгілі. Бірақ, мұның соңы түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.

Павлодар қаласында 24 субұрқақ бар. оның 20-сы қалалық әкімдіктің қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Күрделі жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталып, фонтандар дер кезінде пайдалануға берілді.

Салтанат Әкімбекова, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы:

Қладағы барлық субұрқақтар іске қосылды. Оларды күтіп-баптаумен «Коммунсервис» мекемесі айналысады. Барлық құрылғылары тазартылып, қайта жабдықталды. Негізі фонтандарда суға түсуге тыйым салынады.

Түрлі жарықшамдармен безендірілмеген субұрқақтардың қауіптілігі төмен. Ал, ит-құс аралайтын жерлерде шомылу түрлі ауруларды жұқтыруға әкеліп соғады.

Әсел Байғанова,  инфекционист-дәрігер:

Фонтандарда неге суға түсуге болмайды? Себебі, біріншіден ондай электр тогы қосылған түрлі құрылғылар бар. екіншіден су күнделікті ауыстырылмайды. Ондағы вирустар да адам ағзасына кері әсерін тигізеді.

Аптаны әр дүйсенбісі шаһардағы субұрқақтарға техникалық тексерістер жүргізіледі.

 

Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар