ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Спутник лайт» вакцинасын салу басталды

19:28, 21 қаңтар 2022

Бүгін Павлодарда спутник лайт вакцинасын сала бастады. Енді тұрғындарға ревакцинация үшін тағы бір екпенің түрін таңдау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, өңірде өзге де екпе түрлерімен қайта егу жұмыстары өз деңгейінде жүруде дейді мамандар.

Қалалық бесінші емхана ревакцинация жұмыстарын 25 қараша күні бастаған. Алдымен медициналық, мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер мен педагогтар қайта екпеден өткені белгілі. Бүгінде бұл емханада казвак, веро цел, пфайзер сияқты екпе түрлері бойынша ревакцинация жасалып жатыр. Ал, бүгін спутник лайт вакцинасын салу басталды.

Оксана Валова, қалалық №5 емхана басшысының орынбасары:

Бүгін біз облысымызға келген спутник лайт вакцинасымен ревакцинация салу жұмыстарын бастап кеттік. Алғашқы күні емханамызда 170 тен астам адам осы екпені алып үлгерді. Осы уақытқа дейін 3 мыңнан астам адамды ревакцинациядан өткіздік.

Үшінші рет екпе салуға келген тұрғындардың бірі Гүлбарам Құрманғалиева. Алдыңғы екі екпенің ешқандай кері әсері болған жоқ дейді.

Гүлбарам Құрманғалиева, қала тұрғыны:

Жұбайы Қайролла Құрманғалиев та үшінші рет екпе алуға келген. Денс аулық үшін вакцина алуға әркім дайын болуы керек деген пікірде.

Қайролла Құрманғалиев, қала тұрғыны:

Жалпы өңір бойынша қайта егу қарқынды дейді мамандар. Спутник лайт екпесі де халықтың екпе түрін таңдау мүмкіндігін арттыру жолындағы қадамдардың бірі.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...