ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Скринингтен уақытылы өткен жөн

08:07, 28 маусым 2022

Қатерлі ісік - бүкіл әлемде өзекті тұрған мәселелердің бірі. Өңірде зәр шығару жүйесінің дертіне шалдыққан 845 науқас есепте тұр. Дәрігерлер дер кезінде тексерістерден өтуге шақырады. Себебі, ауру жасырын формада өршігуі мүмкін.

845 науқаспен қоса жыл басынан бері 53 адамнан зәр шығару жүйесінің қатерлі ісігі анықталды.  Бұл дертке  425 ер, 377 әйел шалдыққан.

Ернұр Неғманов, облыстық онкология диспансерінің онколог дәрігері:

Бұл мәселе қалған қатерлі ісіктер сияқты жасырын түрде өтуі мүмкін. Біздің аумақта ғана емес көбінесе ауырсынуға көңіл бөледі. Бұл менің ойымша қателеу. Неге десеңіз көп қатерлі ісіктер бастапқы сатыда жасырын түрде өтуі мүмкін. Яғни, ешқай жері ауырмайды. Ауырмаудың жолын іздегенше аырмайтын жол іздеу керек. 40 тан асқан әйел адам өзіне көңіл бөліп, емханаға болсын, клиникалар,а немесе бізге келіп тексерілген дұрыс.

Кез келген азамат  жергілікті емханадан жолдама алып, қанның простатантигеніне талдау жасап анықтай алады.

Ернұр Неғманов, облыстық онкология диспансерінің онколог дәрігері:

Зәр шығару жүйесі дегеніміз бүйректің қатерлі ісігі мен қуықтың, ер адамдарда қуық қатерлі ісіктерін безін кіреді. Ер адамдар көп қарала қоймайды. Өз өзіне көңіл бөле қоймайды. Кіші дәретке баруына көңіл бөлмей бұл қалыпты жағдай, норма деп біледі да соны ол дегеніміз өте қате.

Ақ халаттылар диспансерге көбінесе науқастар 3-ші  кезеңдегі  ауру халінде келеді дейді. Сондықтан уақытында емханаға келіп, дәрігерге қаралған жөн.



Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
17:58, 12 тамыз 2022
Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...