ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ШИПАЛЫ ҚОЛДЫҢ ШАПАҒАТЫ

19:18, 1 ақпан 2021

Өңірімізде церебралды сал ауруына шалдыққан 610 бала дертпен күресуде. Ауыр тағдырға тап болған бүлдіршіндерді шипалы массаждың көмегімен аяғынан тұрғызған өз ісінің хас шебері бар Павлодарда. Озипа Ахметова бұл еммен 15 жылдай айналысып келеді. Бүгінде аталған мәселемен бетпе-бет келген ата-аналар дәрігердің есімін жақсы біледі.

Бұл бүлдіршіннің аты – Темірлан. Жарық дүниеге 6 жарым айлық болып келген бала қазір он жаста. Сал ауруынан басқа, нейросенсорлық құлақ мүкістігі диагнозы тағы бар. Алматы қаласындаҚытайда емделгенмен еш  нәтиже көрмей, Озипа Қайроллақызының  алдына келген.  Кішкентай жүрегіне ауыр жүк артқан сәбидің  жағдайы ол кезде тіптен мүшкіл еді.

Гульмира Негманова, Темірланның анасы:

Массажға дейін балам әлсіз болды, денесін ұстай алмайтын,  жүріп, отыра алмайтын, аяқтарының бақайлары айқасып жатты. Бас сүйегі қисайып тұратын және құлағы мүлдем естімейтін. Массажға барған алғашқы күндерден бастап нәтиже көрінді.

Бас сүйегі ығысып, омыртқалары қисайған баланы Озипа Қайроллақызының  өзінің авторлық «шекті массажымен» емдеп есту қабілетін қайтарды. Темірлан қазір өздігінен қадамдар жасап, сүйеніп жүретіндей дәрежеге жетті.  Қалам ұстап, жаза алады. Тамақты да өзі ішеді.

Озипа Ахметова, остеопат дәрігер, массажист:

Бетінің оң жағы ойық, сол жағы керісінше дөңес болды.  Оң құлағының бас жақ сүйектері қысылып қалған. Соны массажбен көтергенде ортаңғы құлағы ашылып, есту қабілеті пайда болды. Тісі түзеліп, омыртқасы орнына келді. Аяғын айқастыра беретін қазір оны қойды. 

Дәрігер «Темірланмен істейтін жұмыс әлі жұмыс көп» дейді. Тұрақты түрде айналысқан жағдайда сәбиді бір-бір жарым жыл ішінде аяғынан тік тұрғызуға болады екен. Бұл күнге дейін Озипа Қайроллақызы сал ауруына шалдыққан 10-нан аса баланы жүргізіп жіберген. Сондай-ақ, ата-аналарға  массаж жасау курсын өткізеді. Үлкен жүректі мейірімді жан мұның бәрін  тегін жасайды.  Қазақтың «құяңды үзу» деп аталатын ұлттық емін негізге алған дәрігер ересектерге де бірнеше бағытта массаж жасайды. 30 жыл реаниматолог-дәрігер болып істеген Озипа Қайроллақызы қолмен емдеуді студент кезінен бастаған. Бүгінде авторлық үзу массажымен омыртқа жарығы, ішкі құрылыс аурулары тәрізді көптеген дерттерге дауа беріп келеді.

Озипа Ахметова, остеопат дәрігер, массажист:

Біздің тірек-қимыл жүйеміз ішкі ағзалардың жағдайына байланысты. Ішкі органдар сүйектерге бекітілгендіктен омыртқа  омыртқа безі ішқұрылыстың дұрыс орналаспауынан, мәселен, бүйректің  түсіп кетуінен, ішектің төмендеуінен пайда болады. Осы органдардың байламдарына шекті массаж жасағанда омыртқа орнына түсіп, без кетеді.

Кейінгі жылдары Озипа Қайроллақызы еміне остеопатияны да енгізді. Алдағы уақытта дәрігер аутимзге шалдыққан балаларға көмектесуді мақсат етіп отыр. 

 

Гүлсара  Мәлікова

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БАС САНИТАР ДӘРІГЕРДІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ
11:34, 14 сәуір 2021
БАС САНИТАР ДӘРІГЕРДІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...