ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Шектеу шаралары күшейтілді

19:55, 17 қаңтар 2022

Павлодар облысында омикрон штаммы тіркелмеді, бірақ ковидті жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Осыған орай 15 қаңтардан бастап шектеу шаралары күшейтілді. Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар облысында эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпейді. Соңғы тәулікте өңірде 345 адам коронавирустық инфекцияны жұқтырған.  14 қаңтардан бастап облысымыз «қызыл аймаққа» енді. Сол себепті бірқатар шектеу шаралары күшейтілді. Осылайша «Ашыққа» кірмейтін нысандардың жұмысы шектелді.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Атап айтқанда ашыққа қатысқанына қарамастан, төмендегілер тыйым салынады. Семинар, театрлар, жеке кездесулер, мешіттердің шіркеулердің соборлардың ұжымдық іс шаралар тыйым салынады.  Қызмет көрсетуге тыйым салынады.

Кинотеатралартың толымдылығы 30 пайыздан аспауы тиіс. Ал, оқушылар саны 600-ге дейінгі облыстық, аудандық мектептер штаттық форматта жұмыс істейді.  600-ден астам оқушысы бар қалалық мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшті.  

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Бұл ретте мектеп ұжымы өздері таңдайды. 1-2 сынып штаттық тәртіпте. 3-5 сыныптар кезекші сыныптар. Ауылдық мектептер штаттық форматта жұмыс істейді.

Мемлекеттік орган қызметкерлерінің коронавирусқа қарсы вакцина алғанына қарамастан мемлекеттік органдар, ұйымдар, ұлттық компаниялардың әкімшілік қызметкерлерінің кемінде 70 пайызын қашықтықтан  жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылды. Ашық жобасына қатыспайтын облысаралық, қалааралық автобустардың жүруіне тыйым салынды. Фитнес, йога, спорттық сауықтыру орталықтары, сауна, спа орталықтар, сұлулық салондары 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Сауда үйлері, сауда нүктелері 18.00-ге ашық болады. 

Айта кетейік, аталмыш шектеулер елде омикрон штамының  белең алуына байланысты қойылды. Өңірде вирустың бар-жоғы тек зертханалық сынама нәтижесі шыққаннан кейін ғана белгілі болады.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Омикрон шатты облыста зерптхалақы түрде анықталған жоқ. Бірақ оның айналымы жоққа шығарылмайды. Елде анықталды. Қосымша сынамаларды жібердік.

Ал, шекарадан өтушілер вакцина алғанына қарамастан ПТР тест анықтамасын көрсетуі қажет.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...