ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

САУДА ОРЫНДАРЫНДА ЕКПЕ САЛУ ПУНКТЕРІ АШЫЛДЫ

11:29, 29 сәуір 2021

Сонымен қатар, өңірде вакцинациялау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Кешелі бері вокзал маңында екпе салу кешені ашылды. Бүгін, шаһардағы ірі сауда орындарында вакцина егу кабинеттері өз жұмысын бастады. Бұдан бөлек, Ертіс өңіріне отандық каз вак препаратының 2000 дозасы жеткізілген еді.

Қазіргі таңда мобильді бригадалардың дәурені дүркіреп тұр. Ешкім жұмыстан сұранып, ауруханаға барып, екпе алғысы келмейді. Керісінше, ақ халаттылардың өздерін шақырған ыңғайлырақ. Осы ретте қаладағы қауым қарасы қалың жерлердің бірінде вакцинация орталығы ашылды. Бұл жерде №3 қалалық емхананың дәрігерлері қызмет етуде.

Әсел Бақытбекова, жалпы тәжірибелік дәрігер:

Үшінші емхана базасында бірнеше мобильді бригадалар бар. Олар сауда орталықтарында, мемлекеттік мекемелерде арнайы шақыру бойынша басқа да жерлерде екпе салу жұмыстарымен айналысады. Өз еркімен келген кез-келген адамға вакцина саламыз.

Өз еркімен екпе алуға келушілер саны да аз емес. Жұрттың жартысы вакцинацияның маңыздылығын түсінгендей. Татьяна Севакова жұмыстың көптігінен емханаға бара алмай жүрмін. Дәрігерлердің дәл осы жерге келгендері жақсы болды,-дейді.

Татьяна Севакова,  қала тұрғыны:

Бұл менің өз шешімім. Ішкі түйсігім нені қаласа соны жасаймын. Бір жағынан емханаға баруға уақыт таба алмай жүргенмін. Осы жерде ашылғанын күттім. Себебі менің күйеуім менен бұрын екпе қабылдады. Ешқандай кері әсері болмады.

Сауда орталығының ішінде ашылған екпе кешеніндегі мамандар кешкі сағат 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Мекеме қызметкерлерінен бөлек келушілер де екпе ала алады. Айта кету керек, қалалық №3 емханада спутник видің 2500 дозасы қалған. Алдағы уақытта отандық өнімді қолдануды көздеп отыр.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҒУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
19:18, 5 мамыр 2021
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҒУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...