ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ревакцинация жалғасуда

18:36, 20 қаңтар 2022

Павлодар облысында тұрығындар вакцинаның үшінші жозасын салғызып жатыр. Бүгін қалалық әкімдік қызметкерлері, «Павлодар оупен» мамандары екпе салдырды.

Павлодар қаласындағы Кривенко 25 көшесінде орналасқан әкімдік қызметкерлері бүгін ревакцинация жасатты. Оларға қаламыздағы №2 емхананың дәрігерлері келіп, алдын ала сатурация, қан қысымын тексеріп, екпе салды. Вакцинаның екі түрі қолданылды.

Балнұр Асылбекова, №2 емхананың учаскелік медбикесі:

Бүгін екі вакцинаның түрін алып келдік. Верацелл және және казвак. Бірінші екінші компонент ретінде спутник, казвак алған ала береді бәріне жарайды.

Дәрігерлер жылжылмалы вакцинация топтары алдын ала өтініш бойынша жүретінін жеткізді. Екпе салу үшін кабинеттер таза, үстел мен орындық болса жетерлік. Осылайша бір күнде шамамен 10-нан астам қызметкер ревакцинациядан өтті.

Арсен Мамықанов, жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі:

Былтыр жазда Коронавак вакцинасының екі компонентін салдырдым. Жартыжыл өтті, міне ревакцинация жасаттым. Бүгін Вероцелл вакцинасын алдым. Қазір жағдайым жақсы.

Павлодар облысында ревакцинация қарқынды жүргізіліп жатыр. Өңірдегі эпидахуал жақсармай тұр. Сондықтар дәрігерлер ревакцинацияның маңыздылын тағы бір мәрте еске салады. 

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...