ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

РЕСЕЙДЕ ЕКІ МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМҒА ВАКЦИНА САЛЫНДЫ

18:57, 1 ақпан 2021

Ресейде «Спутник-V» вакцинасын егі науқаны жалғасуда. Шамамен екі миллионнан астам адам вакцинациялауға қатысты. Әсіресе Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары көш басында. Қазақстан ұлттық арнасының Ресейдегі меншікті тілшісі Индира Бегайдар толығырақ тарқатады.

Сергей Лонгиновтың бауыры коронавирус жұқтырып, 24 күн бойы реанимацияда жатқан. Сондықтан вакцинациялау туралы еш ойланбай, бірден келістім дейді.

Сергей Лонгинов, Мәскеу қаласының тұрғыны:

Жәй укол сияқты. Ешқандай әсері болмады. Оның жанында өзге екпелердің жанама әсері көбірек деп ойлаймын. Өзім денсаулығым үшін қатты алаңдаймын

 «Спунтик-V» вакцинасын қазір 14 ел салуға келісім берген. Ал Ресейде тіпті егде жастағылаға егіліп жатыр. Жанама әсері вакцинациялаудан өткендердің тек 15, 16 пайызында болады дейді вакцинаны шығарғандар.

Александр Гинцбург, Н.Ф Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының басшысы:

Екпе салдырған соң 1,2 күннің ішінде денеқызуы 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, кейде бас ауырады. Бірақ бір парацетамол ішсе, ауру басылады. Зерттеуімізге сәйкес бұл симптомдар екпе салдырғандардың тек 15 пайызында кездеседі, қалған 85 пайызында өзін жайсыз сезіну болған емес

Индира Бегайдар,тілші:

Пандемия басталғалы карантиннен бас тартқан елдердің бірі –Ресей. Тек шектеу шаралары болды, оның өзі экономикаға үлкен соққысын тигізді. Енді шектеу шаралары жеңілдетілді. Мейрамханалар, түнгі клубтар шектеусіз жұмыс істейді. Тек әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.

Сегізінші ақпаннан бастап оқушылар да мектепке оралады. Ал мамандар жазда маска тағу режимі де алынып тасталады деген болжам айтып отыр. Бірақ бұл болжам. Ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы, қалыптаспауы тек вакцинациялауға байланысты.

 

Индира Бегайдар

Тақырып бойынша материалдар

БАС САНИТАР ДӘРІГЕРДІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ
11:34, 14 сәуір 2021
БАС САНИТАР ДӘРІГЕРДІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...