ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫ ТОҚТАТТЫ

11:24, 29 сәуір 2021

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған науқастар саны көбейіп барады. Қазірдің өзінде қаладағы бұрынғы онкологиялық аурухана орнына ашылған провизорлық орталықта орын жоқ. 180 адамға арналған медициналық мекеме бірнеше күннен бері науқастарды қабылдауды тоқтатты. Пациенттердің жағдайын біліп қайтқан әріптесім Аяулым Рахымжанова толығырақ айтып берсін.

66 жастағы Еркебұлан Нығманов жұбайымен бірге осыдан 15 күн бұрын ауруханаға түскен. Бойында әлсіздік, басы ауырып, жөтел, дене қызуы көтерілгенін айтады. Бес күн өздігінен үйде ем қабылдап, ауруын асқындырып алыпты.

Еркебұлан Нығманов, қала тұрғыны:

Қатты ауырып түстім. Пневмония болып... Осы медбикелердің арқасында қазір жақсымын. Енді біз қазақ анда-мында шығып кетеміз. Отырмаймыз ғой. Өлімнен ұят күшті дегендей. Сол ма деп ойлаймын.

Өткен аптада орталық күніне 50 адамға дейін сырқаттарды қабылдаған. Қазір ауызашар, отбасылық жиындарға барып жұқтыру дерегі одан бетер көбейді дейді, мамандар.

Нәзира Смағұлова, Триаж орталығының бөлім меңгерушісі:

Коронавирустық аурудың өршіп тұрғаны соңғы екі жұмада байқалады. Әсіресе бейсенбі күннен бастап біз орталыққа қабылдай алмаймыз. Өйткені орталықта орын жоқ болғандықтан, қазіргі таңда бірде бір орын жоқ. Бір отбасыдан үшеу, төртеу. Баласы, қызы келіндерімен жатқан отбасылар бар.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Жансақтау бөлімінде 25 адам ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, олардың барлығының жағдайы ауыр. 15 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ең үлкен пациенттің жасы - 91 жастағы кейуана.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ВАКЦИНА САЛДЫРУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
21:16, 13 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА ВАКЦИНА САЛДЫРУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҒУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
19:18, 5 мамыр 2021
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҒУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...