ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Павлодарлық кардиологтардың шеберлігі шыңдалуда

23:03, 30 шілде 2021

Павлодардағы кардиоорталық дәрігерлері енді жүректің созылмалы бітелген қан тамырларына шалдыққан науқастарға ота жасайтын болады. Мамандардың біліктілігін арттыруға шаһарымызға Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың бөлім басшысы Бегылан Стамбол арнайы келді.

Жүректің ишемиялық ауруларында жүректің қан тамырлары зақымданады. Корона артериясының зақымдануы негізінен АБС  деп  3 түрге бөлінеді. Оның ішіндегі С түрі өте қауіпті болып саналады. Аталмыш шеберлік  сабақтың мақсаты  созылмалы  бітелген  қан тамырларын интервенциялық тәсілмен емдеу.   

Бегылан Стамбол, ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың бөлім басшысы (Нұр-сұлтан қ.):

Кешеден бастап Павлодар облысына келгендегі мақсатымыз бұл техниканы облыстағы дәрігерлерге жаңа түрлерін көрсету, одан әрі қарай дамыту.Өйткені бізде жедел түрдегі науқастар болады.Оны әрбір облыстағылар істей береді. А түріндегі Б түріндегіні бәрі істейді. Ал, С түріндегіні санаулы ғана орталықтарда істеліп жатыр. Оны бүкіл республикаға жалпыластыру қажет.

Сабақ барысында  мамандар созылмалы коронарлық артерия окклюзиясының алдын алу мен науқасқа көрсетілетін көмек түрлерін үйренеді. Маман аталған диагноз жүрек бұлшықетіне қан беретін тамырдың толық жабылуынан туындайтынын айтады.

Бегылан Стамбол, ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың бөлім басшысы (Нұр-сұлтан қ.):

Карона окклюзияда қазақша айтқан кезде корона артерияясының  созылмалы бітелуі, тосылуы. Өйткені оның уақыты 3 айдан жоғары болғанда. Мүмкін кейбіреуінде 1 жыл, 2 жыл, 10 жылға дейін кетіп қалатындар бар.

Шылым шегу, артық салмақ, холестериннің жоғарылуы, қант диабеті,   барлығы қан тамырын зақымайды. Салдарынан, тамыр бітеліп қалғанын науқас  өзі сезбей қалатын жағдайлар кездеседі екен.

Кенжебек Алтенов, кардиологиялық орталық басшысының орынбасары:

Осы ишемиялық аурумен ауыратын адамдардың жастың өкрсеткішіне 45 тен асқан кісілердің көрсеткіші 15-20 процент көқрсетеді.

Жалпы шеберлік сабағы аясында 5 науқасқа ота жасалған. Ал бүгін жеті науқасқа ота жасауды жоспарлап отыр. айта кетейік, аталмыш оталар міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру аясында тегін жасалуда.

 

Әсем Бекмұрза

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...