ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Павлодарлық «103» қызметі республикада үздік атанды

18:48, 21 маусым 2022

Аймақтық жедел жәрдем станциясы республика көлемінде «Алтын шипагер» ұлттық премиясы бойынша жеңімпаз атанды. Медициналық ұжым жаңа өмір мен ұзақ өмірдің символы саналатын алтын лавр бұтағы бар хрусталь мүсіншені қорждындарына салды.

Өңірлік жедел жәрдем станциясының тарихы тереңде. Алғашқыда фелдшер келіп түскен қоңрауларға өзі жалғыз барып, алғашқы көмек көрсететін. Ал, қазір, орталықтың ауқымы кеңейіп, мамандары көбейген. Айталық, бүгінде мұнда 115 жаңа заман талабына сай көлік пен 156 дәрігер жұмыс жасайды. 457 орта мед қызметкерлер және 260 жүргізуші бар. жақын арада аталмыш жедел жәрдем станциясының алтын қоры тағы бір марапатпен толықты. Республика көлемінде үздік атанды. Бұл марапатты денсаулық сақтау саласының экс-министрі Анатолий Дернов табыстады.

Ирина Мищенко, Павлодар облысы жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары:

Павлодар облыстық жедел жәрдем стациясының атын айтқан кезде төбеміз көкке жетті. Сол сәттегі қуанышымызды сөзбен жеткізе алмаймын. Бұл біздің ұжымның жетістігі. Мұндай дәрежеге жетуіміз, қажырлы еңбектің арқасы деп білеміз.

2011 жылдан жастап жедел жәрдем станциясында бірқатар өзгерістер орын алды. Халықаралық стандарттарға сай жаңа жүйе енгізілді. басқарудың автоматтандырылған жүйесі, қашықтықтан басқарылатын теле-кардиометрия қолданысқа берілді. Содан бері, министрлік мақтайтында тың жобалар жүзеге асырылды. Нәтижесін міне, бірге тамашалап отырмыз.

Ирина Мищенко, Павлодар облысы жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары:

Біздің ұжым өте ерекше. Тіпті, 40 жыл жұмыс істеп келе жатқан мамандар бар. ал, кейбірі енді ғана қадам басып келеді. десе де, басшылық біздің мамандардың еңбегін елегені қуантады. Демек, бұл - жас мамандарға үлкен стимул болмақ.      

Жас акушер-гинеколог дәрігер Меруерт Дүйсембаева жедел жәрден станциясына 2018 жылы келген. Қазіргі таңда ол кәсіби дәрігер. Күн сайын бала мен ананың өмірі үшін күресіп келеді.

Меруерт Дюсембаева, акушер-гинеколог дәрігер:

2018 жылдан бастап осында жедел жәрдемде жұмыс істеймін. Өз мамандығымды фельшерліктен бастадым.екі жыл фельдшер болып істедім. Осы жылы үшінші жыл вар акушер гинеколог бригадада дәрігер болып жұмыс істеймін. Біздің бригада жүкті әйелдерді тасымалдайды. Жүкті әйелдерге көмектеседі.

Түсірілім барысында біздің түсірілім топ бірінші дәрежелі шақыртуға баруға мүмкіндік алды. Қала тұрғыны үйде толғағы келіп, босана бастаған. Ал, медициналық білімі бар дичпетчер маман, жедел жәрдем жеткенге дейін, хабарласушыға телефон арқылы кеңес беріп тұрды. Бұл жүйе біздің өңірде осымен 4-ші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді.


Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...