ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАРҒА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ

18:49, 1 ақпан 2021

COVID-19 вакцинасының алғашқы партиясы Павлодар облысына келіп түсті. Ғалым Сұлтанов атыңдағы Павлодар облыстық аурухананың қоймасына жеткізілген «Спутник V» препараты сол жерден қаланың емдеу мекемелеріне таратылатын болады.

Ковидке қарсы ресейлік «Спутник V» екпесінің тұңғыш партиясы аймаққа жеткізілді. Әкелінген 1200 доза облыстық аурухананың арнайы тоңазытқыштармен жабдықталған қоймасына сақтауға қойылды. Бүгін оның алғашқы 130 дозасы тасымалдауға арналған термоконтейнерлермен қаланың 2-ші емханасына жеткізіліп тоңазытқыштарға орналастырылды.  Тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізген мекеме вакцина салу жұмысын бүгіннен бастайды. Бұл жерде адамның екпе алған соң жарты сағат бойы бақылауда отыратын кабинеті дайындалған. Сынақтан сәтті өткен екпені салдыруға 60 адам келісім берді. Вакцина алдымен медицина қызметкерлеріне егіледі. Одан кейінгі кезеңде мұғалімдер, құқық қорғау саласының мамандары, жабық мекеме қызметкерлері мен студенттер.  Сондай-ақ, екпе салынбайтын адамдардың қатары да  белгілі.

Майра Ермекова, «Аlmaz medical group» емханасы бас дәрігерінің орынбасары:   

КВИ жіті және симптомсыз өткен адамдарға егуге қарсы көрсетілімдер бар. Вакцинациялау алдында антиденелерге скрининг жүргізілмейді. Вируспен жеңіл түрде ауырған науқастар сауыққаннан кейін 4 аптадан соң, орташа түрмен ауырғандар 6 айдан кейін егіледі. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және 65 жастан асқан егде адамдарға вакцина салынбайды.

2-емханаға бөлінген вакцина саны-6635. Ал емханаға тіркелген тұрғындар 66 мыңнан асады. Айта кетейік, медициналық мекемелер базасында 107 егу кабинеттері ашылды. Сапалы егу науқанын өткізу үшін мыңнан аса медицина қызметкері дайындық  курсынан өтті. Екпе тегін және  ерікті түрде жүргізіледі.

 

Гүлсара Мәлікова

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БАС САНИТАР ДӘРІГЕРДІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ
11:34, 14 сәуір 2021
БАС САНИТАР ДӘРІГЕРДІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...