ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Павлодарда үшем дүниеге келді

10:07, 14 қаңтар 2022

Жағымды жаңалық. Павлодарда үшем дүниеге келді. Оның екеуі ұл, біреуі қыз бала. 38 жастағы Әсел Тезекбаева жұбайымен бірге осы қуанышты сәтті 12 жыл күткен.

Әсел Тезекбаева, үшемнің анасы:

Ой қуанышым шеrсіз болды ғой Алла. 12 жыл жүріп, екі бала деген керемет деп. Бірінші скринингқа бардым, сенде екеу емес, үшем деді. Қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Бұйырды. 12 жыл күтіп үш бақытым болады деп армандадық, үміттендік. Міне, көз алдымда жатыр. Былай қарасақ, қыз мен жаққа, ұлдар жолдасым жағына ұқсайды. Солай.

Қазір ана мен балаларының денсаулығы жақсы. Сәбилеріне Самир , Эмир және ханшайымға Фатима деген есім берген.

Әсел Тезекбаева, үшемнің анасы:

Иә, біз жолдасым екеуміз шын жүректен қуаныштымыз. Біздің ең бақытты, маңызды сәтіміз. 2022 жыл бақытпен басталды. Мына үш бақытымыз көбейе берсін. Барлығы жақсы болсын.

Бұл - биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша Павлодар облысында дүниеге келген алғашқы балалар.

Айман Оспанова, перинаталдық орталықтың бас дәрігері:

Біздің перинаталдық орталықты осындай, қуанышты, жағымды жағдай орын алды. Кеше үшем дүниеге келді. Екеуі ұл бала. Бірінің салмағы - 2 келі 198 грамм, бойы - 38 см, екіншісі - 2 келі 313, бойы - 47 см, ал қызымыздың салмағы - 2 келіден сәл асады. Бойы - 44 см.  Операция сәтті өтті. Барлығының жағдайы жақсы. Сәбилер аналарының қасында. Облыс жұртшылығы осындай қуанышты естіп, орталыққа хабарласып, құттықтап жатыр. Қайырымды жандай көмек көрсетіп, сыйлықтар әкелуде. Бәрі жақсы. Дәрігерлердің бақылауында болады. Шамамен 10 күннен кейін үйге шығады деп жоспарлап отырмыз.

Бас дәрігер биыл бұл қуаныш тағы еселене түспек деген ниетте. Себебі Ақтоғай ауданындағы отбасы үшем күтіп отыр. Өткен жылы облыстық перинаталдық орталықта 6535 әйел босанған. 81 егіз дүниеге есігін ашыпты. Сонымен қатар, «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Павлодар облысында бала сүюді аңсап жүрген отбасыларға  биыл 281 квота бөлінді. Қазіргі таңда өңірде 810 ерлі-зайыпты осы көмекті алуға  есепте тұр.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
20:19, 23 мамыр 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...