ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Павлодарда алғаш рет күрделі операция жасалды

22:48, 13 мамыр 2022

Павлодарда алғаш рет ең күрделі офтальмологиялық хирургия жасалды. Ота Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың көз аурулары бөлімшесінде іске асты. Жергілікті дәрігерлер операцияны Алматы қаласынан келген мамандармен бірлесіп жасады.

Қант диабетіне шалдыққан адамдардың көзі де аса ауыр жарақат алады. Бұл сырқат кезінде адамның көру қабілеті төмендеп, әр түрлі санаттағы зақымдануға ұшырайды. Көру жүйесіндегі көптеген бөліктер өзгеріске ұшырайды. Қант диабетіне шалдыққан адамдардың көзіне операция жасау оңай емес. Науқастың жағдайын айтпағанда, қант диабеті себебінен болған көз сырқаттары ауыр санатқа жатады.

Лұқпан Оразбеков, қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі:

Операцияның аты витроэктемия. Яғни, шыны тәрізді денені алып тастау. Диабет кезінде жаңадан қан тамырлары пайда болады. Олар өте нәзік, сезімтал болады да жарыла береді. Содан қан құйыла бастайды. Сол жиылған қан көзік ішіне жиналады. Сол қанды біз тазартып, көздің ішіне қайта жарық түсітендей жағдай жасаймыз.

Бұл операцияның Алматы қаласында жасала бастағына 15 жылдан асқан. Ал, Павлодар облысы бойынша бүгін алғаш рет іске асып отыр. Бұл жолы Алматы қаласынан келген дәрігерлер екі күндік сапарлары барысында 28 бен 68 жас аралығындағы 4 адамға осындай ота жасауды жоспарлаған. Көздегі ұйыған қанды тазарту ұзақ уақыта созылатын күрделі әрі сезімталдықты қажет ететін кірпияз жұмыс.

Лұқпан Оразбеков, қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі:

Сол операцияны Павлодар обылсына енгізіп жатырмыз. Құдай бұйыртса осы науқастар енді ешқайда бармай Павлодарда жасатуға мүмкіндіктері бар. Осы ауруханада, бөлімшеде осындай операция жасайтындай бүкіл жабдықтар бар. Кұрделі, сапалы аппараттар бар. Енді облыстық хирутгтары мынадай операция жасай алады.

Көз ауруларының жасалатын операцияның тағы бір түрі бойынша ота жасау жұмыстары Павлодар облысында осыдан екі жыл бұрын басталған. Осы жұмыстың нәтижесінде содан бері жергілікті 200 науқас көмек алып үлгерген. Бүгін витроэктемия отасы алғаш рет жасалып отыр. Осылайша Павлодар облысының көз хирургиясы жаңа сатыға көтерілді деп айтуға болады. Мамандардың, айтуынша Алматы қаласында жылына 3000 мыңға жуық осындай ота жасалады.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
17:58, 12 тамыз 2022
Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...