ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Павлодарда 710 адамнан короновирус анықталды

18:28, 20 қаңтар 2022

Павлодар облысында короновирус жұқтырғандар саны күн санап артуда. Соңғы тәуліктегі ақпарат бойынша 710 адамның тест нәтижесі оң көрсеткішті айқындаған. Бұл Павлодар обылсы бойынша антирекод болып саналады.

Вирус жұқтырған 710 адамнан 601-нен симптом байқалған. Қазіргі уақытта 575 адам стационарда емделіп жатыр. Осылайша вирус жұққандарға арналған төсек-орындар 42 пайызға толған. 21 адам реанимацияда жатыр, екеуі өкпенің жасанды  тыныс алу аппаратының көмегіне жүгінген. Мамандар төсек-орын тапшылығы болдырмаудың амалын қарастырып қойғандықтарын айтады.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м. а.:

Пессимистік сценарийге сәйкес, арушаңдық күрт өсіп, барлық халық ауыратын болса жоспарлы госпитолизацияны тоқтатып, облысымыздың барлық төсек-орындарын осы ауруға қарсы,  жұмылдыратын боламыз.

Айта кетерлігі, 127 жүкті әйелден де кононвирус анықталған. Олардың 60-ы стационарлық емдеуде. Балалар арасында да вирус тарау көрсеткіші жоғары. Соңғы мәлімет бойынша 247 баладан анықталыпты. Вирустың осыншама жылдам таралуын мамандар омикрон штамымен байланыстарды. 

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м. а.:

Бүгінде омикронның проблолары алынды. Олар Алматыдағы орталық сараптау орталығына жіберілді. Бірақ, ресми түрде Павлодар облысында бұл штамның бар екені көрсетілген жоқ. Бірақ, көрсеткішке қарап бізде бұл штам бар деп айтуға болады. 710 бұл .лкен антикөрсеткіш болып табылады біздің облысымызда.

Жалпы, облыста 4000 ға жуық төсек орын бар. Олардың бір мың бір жүзден астамы инфекция жұққан науқастарға арналған. Ал, емдеу мен алдын-алу шаралары қарқынды деді мамандар.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...