ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Павлодар облысында карантин күшейтіледі

18:05, 15 қаңтар 2022

Елімізде бір тәулікте 10 мың адам коронавирус жұқтырды. Оның тек жартысы Нұр-сұлтан қаласында тіркелді. Індет өзге өңірлерде де үдей түсті.

Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары қызыл аймақ тізіміне енді. Өңірде эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты бірқатар шектеу шаралары күшейтілмек.  

Батырбек Әлиев, Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері:

«Ашық» жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режимі өзгереді. Тұтынушылар мен қызметкерлердің статусы жасыл болуы тиіс. 30 адамға дейін еске алуды қоспағанда, көпшілік жиналатын ауқымды шараларға, жиын-тойларды өткізуге тыйым салынады.

Оқушылар қашықтықтан оқуға көшеді. Тек балалар саны 600 адамнан кем мектептерде штаттық режимде сабақтар жалғасады.  Сондай-ақ, 1 — 2, 3 — 5 және кезекші сынып оқушылары мектепте 600-ден астам оқушы болса да, штаттық режимде білім алатын болады.

Жалпы өңірде науқастардың күрт өсуін бас санитарлық дәрігер өткен мерекелік күндермен байланыстырса, тағы бір себеп аймақта қауіпті «омикрон» штабы таралған болуы мүмкін.

Батырбек Әлиев, Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері:

Біз қазір коронавирус анықталған оң нәтижелерді зерттеуге жібереміз. Бұдан кейін омикронның бар-жоғы анықталады. Бірақ өңірде науқастардың күрт өсуін осы омикронмен байланыстыруға болады. Себебі вирустың бұл түрі тез тарап, сондай-ақ бірден 5-6 адамға жұғуы мүмкін.

Бүгінде облыс аумағында 9 зертхана жұмыс істеп тұр. Күн сайын 1500-2000 талдау жасалады. ПТР тестілеудің орташа құны - 5000 теңгеге дейін төмендетілді.

Сондай-ақ, өңірге шекара арқылы кірушілер вакцина паспортының бар-жоғына қарамастан, қолдарында ПТР талдау нәтижесі болуы тиіс.

 

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

«Спутник лайт» вакцинасын салу басталды
19:28, 21 қаңтар 2022
«Спутник лайт» вакцинасын салу басталды
Толығырақ...
Антирекорд: 865 адамнан коронавирус анықталды
19:26, 21 қаңтар 2022
Антирекорд: 865 адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
20:09, 17 қаңтар 2022
Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
Толығырақ...