ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

18:08, 2 наурыз 2021

Павлодар облысында дәрігерлер жетіспейді. Облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Айдар Сейітқазинов кадр тапшылығы бар екендігін айтты. Науқастарға дер кезінде көмек көрсетіледі ме? Дәрігерлердің жетіспеуінен сырқаттанғандар қараусыз қалып жатқан жоқ па?

Ертіс өңірінде жалпы тәжірибедегі 34 дәрігер жетіспейді. Мемлекеттік ұйымдар 26 ақ халаттыны күтіп отыр. Сондай-ақ, стационарлар мен алғашқы медико-санитарлық ұйымдарда 64 орта санаттағы медициналық қызметкердің тапшылығы бар. 

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқарамасының басшысы:

Биыл резидентураға 124 грант бөлінеді. Оның ішінде 10-ы «отбасылық медицина» мамандығы, яғни жалпы тәжірибедегі дәрігер.

ӘБІЛҚАЙЫР СҚАҚОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл көрсеткіштердің барлығы белгілі. Мәселеге келсек, кадр тапшылығын шешу керек. Жақын арада бұл мәселені қалай шешу жоспарда бар? Қандай шаралар жасалады?

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқарамасының басшысы:

Біздің мамандар жыл сайын медициналық университеттердегі бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барады. Семейдегі медициналық академиямен келісімшартымыз бар. Осы арқылы аздап болсын кадр тапшылығын жоямыз. Сонымен қатар, оңтүстік өңірлерден медицина қызметкерлерін тарту жұмысы жалағасуда. Соңғы рет Ақтоғай ауданына Түркістан облысынан мамандар тарту бойынша келіссөздер жүргізілген.

Успен ауданында туберкулезге шалдыққан науқастар саны облыс көрсеткішінен еке есе артық. Әкім орынбасарының сөзінше, бұған фтизиатор дәрігердің жоқтығы себеп болған.

Қабиболла Әбушахманов, Успен ауданы әкімінің орынбасары:

Бізде расында туберкулездан былтырғы жағдай бойынша сегіз адам ауырды. Аурулардың өсу себептерінің бірі - 2018-2019 жылы бізде фтизиатор дәрігер болмады. Қазір ваканця жоқ. Барлығын жаптық. Бір ғана дәрігер қажет. Ол да шешілді. Оңтүстіктен бір-екі айдың ішінде көшіріп әкелеміз деп отырмыз.

Маман тапшылығы, әсіресе Екібастұз, Ақсу, Павлодар ауданында байқалады. Ақсу ауылдық аймағында мекемелерді медициналық қызметкерлермен қамту көрсеткіші 26 пайыздан аспайды.

Нұржан Әшімбетов, Ақсу қаласының әкімі:

Биыл оңтүстік өңірдерден үш медициналықұ қызметкер келді. Қазір баспана мәселесі шешіліп жатыр. Ауылдарда кадр мәселесі жоқ. Жалпы тәжірибедегі жеті дәрігер, яғни академия түлектері Ақсу қаласында жұмыс істеуге ниет білдірді.

Медициналық мекемелерде невроптолог-дәрігерлер, көз, құлақ-мұрын дәрігерлері жеткіліксіз. Айта кетейік, қазір Павлодар облысында медицина саласында 12 мыңнан астам маман жұмыс істеп жатыр. Оның 2593-і дәрігер болса, қалғаны медициналық қызметкерлер. 

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
19:36, 9 сәуір 2021
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
19:54, 8 сәуір 2021
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...