ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Павлодар облысында 245 сынып карантинге жабылды

18:18, 22 қыркүйек 2021

Павлодар облысында 245 сынып екі апталық карантинге жабылды. Жаңа оқу жылы басталғалы бері 249 оқушы коронавирус жұқтырған. Қазір олар қашықтықтан оқуға көшірілді.

Ғизат Әбешев, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Барлығы 100 мектептің 245 сыныбы карантинге жабылды. Бұл көрсеткіштің басым бөлігі Павлодар қаласында. Яғни, 42 мектепте 125 сынып. Ақсу ақалсында 10 мектепте 24 сыныптың оқушылары қашықтықтан оқиды. Сондай-ақ, аудандық мектептердегі оқушылар да карантин жағдайында білім алады. Жоғары көрсеткіш Павлодар ауданында. Онда 6 мектептің 10 сыныбыны карантинге жабылды

Сондай-ақ, 45 мұғалім коронавирусқа шалдыққан. Оның 21-і облыс орталығында сабақ береді. Жалпы, Павлодар облысы әлі де қызыл аймақта. Өңірде індеттің таралуы бәсеңдеді деуге тым ерте.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Облыс бойынша жасыл аймақта - Ақтоғай ауданы, сары аймақта - Тереңкөл ауданы, Ертіс, Железин, Шарбақты аудан және Баянауыл ауданы, қызыл аймақта - үш қала және Май, Успен, Аққулы аудандары.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Бір жастағы бала өздігінен демала алмайды
19:15, 22 қазан 2021
Бір жастағы бала өздігінен демала алмайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...