ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТАН ШЫҚТЫ

19:46, 22 ақпан 2021

Павлодар облысы қызыл аймақтан шықты. Десе де короновирус дерегі тоқсаннан төмендемей тұр. Сағына күткен сары кезеңде шектеу шаралары қаншалықты жеңілдетіледі? Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Павлодар облысы қызыл аймақта қалған жалғыз өңір еді.

Иә, қағыс естіген жоқсыздар. Қызыл аймақты қағып өту қуаныш болады деп ешкім күтпеді. Бұл босаңсуға болады деген сөз емес. Себебі, статистикалық көрсеткіш әлі де көңілге күдік ұялататады. Тәуліктің өсім - 0,6%, ал, ақпан айының алғашқы аптасындағы өсім – 11,7% болған. Қазір бұл көрсеткіш 4,3%-ға төмендеді. Өткен тәулікте КВИ-дің 96 жағдайы расталды. Оның 84-інде ауру белгілері анықталып отыр.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Қазіргі таңда Павлодар облысы сары аймақта. Өткен тәулікте 96 жағдай тіркелді. Оның ішінде 84-і симптоммен. 12 симптомсыз. Тәуліктік өсім бойынша 0,6 пайыз өсуі.

Эпидемиологиялық матрицадағы статистика сары секторды меңзегенімен немқұрайлық танытуға әлі де ерте. Керісінше, сақтық шараларын үдете түскен жөн. Дерттің таралуының алдын-алу мақсатында көптеген шаралар атқарылуда. Әсіресе, кедендегі келеңсіздіктер қатаң бақылауда. Айта кету керек, Павлодар облысы Ресей Федерациясымен 4 жерден шектеседі. Ал, елді елең еткізген екінші мәселе – логдаун болып тұр. Алдағы демалыстардаға қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер әзірге желіге шықпайды.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Сенбі күнінен бастап кірді сары аймаққа. Бірақта карантиндік шаралар қаулы бойынша әлі де жұмыс жалғасуда. Сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көліктер жүрмейді.

Қазіргі таңда Павлодар облысы бойынша 17035 жағдай тіркелген. 16 294-і емделіп шықты. Бұдан бөлек, аудан, қалалардағы көрсеткіш те төмендегенін айта кеткен жөн.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС жүйесі арқылы 135 195 адам сақтандырылмаған
18:20, 10 маусым 2021
МӘМС жүйесі арқылы 135 195 адам сақтандырылмаған
Толығырақ...
Елордалық дәрігерлер қабылдау жүргізді
18:58, 9 маусым 2021
Елордалық дәрігерлер қабылдау жүргізді
Толығырақ...
Вакцина салдырған 50 адам КВИ жұқтырды
18:57, 9 маусым 2021
Вакцина салдырған 50 адам КВИ жұқтырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...