ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Павлодар облысы әлі қызыл аймақта

21:35, 26 шілде 2021

Павлодар облысы әлі де қызыл аймақта. Соңғы бір тәулік ішінде вирус жұқтырудың 202 жағдайы тіркелген. Оның 75 пайында ауру белгілері анықталған. Ал, провизорлық орталықтарда төсек орын тапшылығы байқалмайды.

Мамандардың сөзінше қазіргі таңда облыс бойынша тіркелген жағдайлардың барлығында ауру белгілері бар. жалпы, аймақ көлемінде 3 мыңнан астам адам респмраторлық аурулармен ауырып жатса керек. Оның ішіне ковид-19, тұмау, пневмония да бар. айта кету керек, жоғарыда айтылған 3000 адамның 25 пайызы стационарларда ем қабылдауда.

Ерғалы Асылбек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы:

Облысымызда 3 мыңнан астам адам осы респираторлық аурулармен ауырып жатыр.  яғни, ол короновирустық инфекция пневмониямен соның 25 пайызға жуығы стационарлық емдеуде қабылдап жатыр. яғни, 1100-ге жуық адам осы стауионарлық емдеуде.

Облыстағы төсек орындардың жүктемесі 45 пайызды құрап отыр. ал, реанимациялық бөлімшелерде 90-ға жуық адам ауыр жағдайда ем қабылдауда.

Ерғалы Асылбек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы:

Өткен аларда наурыз-сәуір айларымен салыстырғанда ауырып жатқан адамдардың тек қана 15 пайызы стационарлық емдеуде болса, қазіргі уақытта осы ауырып жатқан адамдардың 25-30 пайызға жуығы стационарлық емдеуде ем қабылдап жатыр.

Ал, өңірде екпе салу процесі қарқынды жүзеге асырылуда. Вакцинаның бірінші компонентін 212 мыңнан астам адам қабылдаған. Бұл 28 пайызды құрайды. Аталмыш процесс әрі қарай жалғасын табатын болады,-дейді мамандар.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...