ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ОТТЕГІ АППАРАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

20:13, 4 тамыз 2020

Шарбақты аудандық ауруханасындағы провизорлық орталық – оттегі концентраторларына қол жеткізді. Қазіргі уақытта сұранысқа ие аса қажет аппараттарды партиялық бақылау комиссиясы табыстады.

Шарбақты ауданының ауруханасы – 5 оттегі концентраторларына қол жеткізді. Жергілікті дәрігерлер үшін бұл үлкен қуаныш. Себебі, бұл құралдар қазіргі уақытта жедел жәрдем көрсету кезінде және өкпе қабынуын емдеудегі аса қажетті көмекшілер. Демеушілердің арқасында, алдағы уақытта аурухана жабдықтармен толық қамтылады.  

Петр Лямкин, провизорлық орталықтың анестезиолог-реаниматолог дәрігері:

Аудандық аурухана атынан, әкімшілік және дәрігерлер атынан алғысымызды білдіреміз. Мұндай аппараттар бізге өте қажет. Рахмет. Жұмысымызды одан әрі жалғастырамыз.

Оттегі концентраторлары «Жаңа Павлодар» қорының есебінен сатып алынды. Павлодар облысына осындай 300 аппарат әкелінді. Партиялық бақылау комиссиясы – жабдықтардың дұрыс үлестірілуін қадағалайды. Аудандық аурухананың бас дәрігері Бақыт Қасымова - бастапқыда елдегі жағдай мединалық ұжымды қорқытқы дейді. Себебі, госпиталь 35 орынға ғана қарастырылған. Аурушаңдық деңгейі өскенде 150 орынға дейін кеңейтілді.

Бақыт Қасымова, аудандық аурухананың бас дәрігері:

Маусым-шілде айларында жағдайы қиын 12 науқасты облыс орталығына жібердік. Мұнда жағдайы орташа, жасанды тыныс алу аппараттарын қажет етпейтін пациенттер ем алды. Оларға оттегі концентраторлары арқылы көмек көрсетілді.

Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек тапшылығы да болды. Бірақ, жағдай реттеліп, 35 миллион теңгеге  препараттар сатып алынды. Қазіргі уақытта провизорлық орталықта 247 адам жұмыс істейді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Сабина РАХЫМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...