ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 81 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

18:10, 4 наурыз 2021

Павлодар облысында өткен тәулікте 81 адамнан коронавирус анықталды. Наурыз айында 500-ден аса адам екпе салдырған. Стационарларда қанша адам ем қабылдап жатыр?

Павлодар облысында соңғы тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырған 81 адам тіркелді. Инфекциялық ауруханалардағы  төсек орын жүктемесі 30 пайызды құрайды. Аймақта 1200-ден аса адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а:

Стационарлық емде 400-ден аса адам қабылдап жатыр. Амбулаторлық деңгейде 1238 адам ем қабылдап жатыр. Жазылып шыққандар саны 17179, соңғы тәулікте 104 адам сауығып шықты.

Өңірде індет жұқтырған 82 бала ем қабылдап жатыр. Олардың 11-і стационарда, қалған науқастар үйден бақыланып отыр.  Естеріңізге салайық, елімізде 1-ақпаннан бастап КВИ-ға қарсы вакцинация басталды.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а:

Бүгінгі таңда облысымызға 80 мың доза әкелінді. Жалпы бірніші партияда 1200 адамға салынды. Оның ішінде екі компоненті 813 екпе жасалынды. Жанама әсерлер байқалмаймады. Сонымен қоса, 27 ақпанда екінші доза келді 4050 доза.

Осылайша бірінші наурыздан бастап екпенің екінші партиясы мектеп, жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен медициналық қызметкерлерге салына бастады. 1000-ға жуық педагогті вакциналау жоспарланып отыр. Осы үш күн ішінде ресейлік Спутник виді аймақта 595 адам алды. 

Сәуле Арыстанова, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Вакцина действительно Российская... Қазір салынып жатқан вакцина ресейлік спутник ви. Бірінші, екінші кезеңде де сол спутник ви салынды. Қазақстандық вакцина клиникалық сынақтардан өтіп жатыр. Бір адамға екі доза салынады. Осылайша екі кезең болады.  

Үшінші кезеңде күштік құрылымдар мен екпе алғысы келетін басқа да адамдарға вакцина салынады. 

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
19:36, 9 сәуір 2021
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
19:54, 8 сәуір 2021
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...