ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Оңалту орталығы ашылды

21:56, 3 маусым 2022

Облыс орталығында «Томатис» әдісін қолдана отырып, балаларға тіл мүкістігін, зейіннің дамуын, сөйлеу дамуының кешігуін емдейтін орталық ашылды. Өткен жылы мекеме 5 млн теңге мемлекеттік грант жеңіп алды.

Орталық бүлдіршіндердің тілін шығарып, мүкістігін жоятын,  зейін ашып, психологиялық дамуының кідірісін жоятын  және инсульт алған адамдармен жұмыс жасайды. Орталықта 4 дефектолог, 2 логопед маманы жұмыс істейді.

Меруерт Мауянова, оңалту орталығының директоры:

Бір жыл бұрын орталығымызға келетін балалар саны аз болатын. Өкінішке қарай, бір жыл ішінде олардың саны 500 ге жетті. Менің ойымша ертерек дабыл қағу керек. Себебі болашақ аналар бала көтерген уақытта анемиямен босанады. Гипоксия болған кезде іште жатқан нәрестеде оттегі жетіспеушілігі болады. Бұның барлығы баланың дамуымен жетілуіне әсер етеді. Денсаулықты бақылау керек.

Альфред Томатис әдісі-бұл мидың аудио ақпаратты қабылдауы мен өңдеуін жақсартуға бағытталған есту жаттығуларының жүйесі. Оның мәні - адам қайтадан тыңдауды үйренеді.  Балғындар құлаққап киіп Классикалық,  Моцарт, Григориян хоралы, вальс, марш әуендерін тыңдайды.  

Меруерт Муралинова, «томатис» терапиясының маманы:

Біздің есту каналында жауапты  2 бұлшықет бар. Миымыздағы әр тамырдың дұрыс дамуы өте маңызды. Әрбірі адам ағзасының дамуына әсер береді. Адамның басында бұл бұлшықеттер бір бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бір ағза қимыл жасаған кезде дауыс шығарады.  Сондықтан бұл бұлшықеттер әлсіз жұмыс жасаған кезде Томатис терапиясы қолданады. Жаттығулар жасалады. Сол арқылы зейін шоғырлануы көрсетіле бастайды.

Павлодар қаласының тұрғыны Айгүл Құлмұхаметова 4 жастағы ұлын өткен жылы орталыққа әкелді. Қазір сабақтардан оң нәтеже көріп отыр.

Айгүл Күлмұхаметова, ата-ана:

Біз мына орталыққа келмес бұрын түрлі орындарда болдық. Мына жерден нәтеже көріп бір жыл емделіп жатырмыз. Томатис терапия оң нәтеже берді. Балам 3 жасқа толған кезде бір екі сөз ғана айтатын. Сөйлеу дамуы тоқтап қалды. Мында келіп жаттығу жасап, оң өзгерістер байқадым.

Мамандар  бала  дамуының кешігіп жатқанын байқасаңыз бірден мамандарға жүгінуге өтінеді.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар