ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Оқушыларға екпе салу қарқын алды

21:25, 25 қараша 2021

Павлодар облысында осы аптаның дүйсенбісінен бастап оқушыларға екпе салу жұмыстары қарқын алды. Бүгінде 300 жен аса бала пфайзер вакцинасын салдырған. Бүгін дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушылары да аталмыш екпені алды. Толығырақ алдағы сюжетте.

11-сынып оқушысы Элина Каткадамова Пфайзер екпесінің бірінші дозасын алды. Оқушы болашағым үшін вакцина алуға шешім қабылдадым дейді.  Ата-анасы да оқушы шешімін құптаған. Айта кетейік, балаларға ата-анасының рұқсатынсыз екпе салынбайды.

Элина Каткадамова, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 11-сынып оқушысы:

Короновирусқа қарсы вакцина  имундық жүйені нығайтады. Осыдан басқа егілген бала ауырсада. Науқас жеңіл түрде өтеді. Вакцина алғаннан кейін мен өзімді әлсіз сезіндім. Екі күн бойы дене қызуым 37 градусқа көтерілді. Бірақ, гимназия ұжымы дәрігерлер қолдау білдірді.

Владимир Каткадамов, Элина Каткадамованың әкесі:

Бәріміз семьяда, ағайын туыстарымыз вакцина алдық. Қазір біөздің қызымыз 11-сынып оқиды. Шешім қабалдап, вакцина алды. Бір, екі күн шамалы температура болды. Қазір жақсы, сабағын оқып отыр.

Бүгін дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының тағы екі оқушысы екпе алды.

Аврора Садуова, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10-сынып оқушысы:

Мен алдымен мен екпені денсаулығым үшін, вирустан қорғануым үшін алдым. Екіншіден ол менің оқуым үшін қажет. Себебі, вакцина болған жағдайда Қазақстан да және шетелге құжат тапсыруға мүмкіндігім бар.  Екпеден кейін өзім жақсы сезініп тұрмын. Мүлдем ауырған жоқ.

Статистикаға сүйенсек, өңірде 2020 жылы 150-ге жуық оқушы ковидке шалдыққан. Ал, биыл бұл көрсеткіш 10 есеге артып отыр. Сондықтан, ақ халаттылар балалардың вакцина алғаны жөн дейді.

Альфия Мұқашева, қалалық №5 емхананың бөлім меңгерушісі:

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша 2021 жылдың 20 қазанынан 12 жаспен 17 жас аралығындағы балаларға екпе салу жұмыстары басталды. Оларға «Комирнати» Пфайзер екпесі салынады. Сонымен қатар, бұл вакцина жүкті әйелдерге де қарастырылған.

Осы апта ішінде №5 емхананың медициналық қызметкерлері жалпы 30 оқушыға «Комирнати» Пфайзер екпесін салған.

Мөлдір Сағидолла

Тақырып бойынша материалдар

Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге азайды
19:38, 30 қараша 2021
Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге азайды
Толығырақ...
Облыстың 250 тұрғыны қайта екпе салдырған
20:39, 26 қараша 2021
Облыстың 250 тұрғыны қайта екпе салдырған
Толығырақ...
Өңірде 300-ден аса бала вакцина салдырды
22:15, 24 қараша 2021
Өңірде 300-ден аса бала вакцина салдырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...