ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛУДЕ

20:25, 23 ақпан 2021

Бүгін облыстың медициналық мекемелерінің бас дәрігерлері мен орынбасарларына арналған оқыту басталды. Офлайн режимде өтіп жатқан шара ұйымдастырушылары: облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Академияның өңірлік филиалы.

«Этика мен деонтологияны сақтау. Конфликтология» тақырыбын тарқататын семинар төрт күн бойы өткізілмек. Облыстың барлық емдеу мекемелеріне  арналған семинарда күніне 15 бас дәрігер мен орынбасалары халықпен байланысты жақсартудың жолдарын үйренеді.

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Пандемиядан кейін біздің медицина қызметкерлерінің ғана емес, халықтың да дүниетанымы аздап өзгерді. Бұл семинар дәрігерлер мен пациенттердің ара-қатынасын жақсартуға, жанжалдарды шешуге, бір-бірін тыңдай білуге, дұрыс шешім табуға өз үлесін қосады деп сенемін. Семинар бір күндік, 8 сағатқа шақталған. Болашақта басшыларды ғана емес, барлық медицина қызметкерлерін онлайн режимде оқытуды жоспарлап отырмыз.

Соңғы екі жылда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шарада 60 дәрігер біліктілігін арттырады. Практикалық тұрғыда, арнайы сұхбат әдісімен өтетін семинарға білікті педагогтар шақырылды. 

Гүлнар Исенова, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ПОФ директоры:

Біз оқытуға тәжірибелі психолог Касимова Сәуле Дмитриевнаны, облыс әкімдігінің азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлімінің басшысын, "Адалдық алаңы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ризабек Исабековты, облыс әкімдігінің қызметкерлерін, яғни азаматтардың өтініштерімен шын мәнінде айналысатын мамандарды шақырдық. Олар бүгінгі жағдайды ескере отырып, азаматтармен қалай жұмыс істеуді үйретеді.

Бүгінде әлеуметтік желілер арқылы да тұрғындардың талаптары айқын көрініс беріп отырғаны жасырын емес. Сондықтан Айдар Кенжетайұлы қарапайым халықты тыңдай білудің тың әдісін қолға алыпты. Енді емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері өтініш айта келген тұрғындарды өздері қабылдайды.

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Әр емдеу мекемесінің  басшысы бірінші қабатта отырып ең болмады аптасына бір рет, арнайы кабинеттерде  тұрғындарды қабылдайды.  Ол үшінші, төртінші қабатқа жайғасып, сұрақтарды сарапшыларға, орынбасарларына аудара салып, қол жетімсіз болып отырмай, халықтың жан айқайын өз аузынан естіп түсініп, мәселесін  шешу керек. Бұл туралы бұйрық шықты.

Өткен жылы тұрғындар тарапынан түскен арыздар саны көбейген. 2019 жылы 900 шағым түссе, ағындағы жылы ол 1200-ге жетті. Бұл өтініштердің ішінде негізделгендері тек 20.

 

Гүлсара Мәлікова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...