ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Облыстың 250 тұрғыны қайта екпе салдырған

20:39, 26 қараша 2021

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған науқастар азайып келеді. Өткен аптамен салыстырғанда 11,5 пайызға төмендеген. Аурудың алдын алу үшін 250 адам қайта екпе салдырды

Бүгінгі таңда стационарларда 830 науқас ем қабылдап жатыр. Инфекциялық төсек орындардың жүктемесі - 36 пайызды құрайды. Жансақтау бөлімінде жатқан 56 адамның 12-сі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Коронавирус жұқтырған 58 жүкті әйел мен 90 бала дәрігерлер бақылауында.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Өткен апталарме нсалыстырғанда төсек орындардың жүктемесінің төмендеуін байқап жатырмыз.  Осы кезде екі медициналық объектіні жаптық. Біріншісі, Зеленая Роща көшесіндегі 150 орындық инфекциялық госпиталь және 50 орындық теміржол ауруханасы.Осы екі мекеме жабылып жатыр.

Өткен апатада аймаққа жеткізілген Пфайзер вакцинасы 43 жүкті әйелге және 282 бала емізетін анаға, 642 жасөспірімге салынды.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Бүгінде осы екпе алған балалардың ішінде басым бөлігі - қала оқушылары болып табылады. Ал, аудандарға тоқталатын болсақ, екпе алу қарқыны төменірек болып табылады. 642 жасөспірім екпені алған. Соның ішінде 115  оқушы аудандар бойынша. Қалған басым бөлігі бұл Павлодар қаласында - 358 жасөспірім, Екібастұз қаласы бойынша 132, Ақсу қаласы бойынша 37 оқушы екпені алған.

Сондай-ақ, облыстың 250 тұрғыны қайта екпе алған.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады
13:23, 28 қаңтар 2022
Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...