ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 130 МЫҢ АДАМ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН

20:02, 24 ақпан 2021

Павлодар облысында 130 мыңнан аса адам тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сақтандырылмаған. Ал 40 мыңға жуық адам жүйе енгізілгелі бері медециналық ұйымға жүгінбепті. Тіпті қорға төлеп де жасамаған. Қазір оларды түгендеп, мәліметтерді жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында облыстық қордың басшысы айтты.

Коронавируспен күрес мақсатында өткен жылы наурыз-желтоқсан айларында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 10,9 млрд тенге бөлінді. Қаражаттың басым бөлігі  медициналық қызметкерлердің үстемақысына жұмсалды. Бүгінгі таңда Павлодар облысы тұрғындарының сексен екі пайызы ғана сақтандырылған. Ал, 130 мыңнан аса тұлға әлі де қорға төлем жасауға асықпайды.

Нұрлан Қасымов, облыстық «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» қақ  филиалының директоры:

Қазіргі таңда Павлодар облысында 130 мыңнан аса адам сақтандырылмаған. Олардың жартысынан көбі жыл бойы төлемді тұрақты түрде жасамаған. Ереже бойынша төлем үзіліссіз болу керек.  41 мың адам жұмыс берушінің кесірінен төлемді жиі жасамады. 44 мың адам бірыңғай жиынтық төлемін өтейді. Мың адам өздері үшін төлем жасаса, тағы қырық мыңға жуық адам туралы ақпаратты толықтырып, жаңарту керек. Үш жыл бойы олар дәрігерлерге жүгінбеген.

Елдегі жағдайға байланысты медициналық қызметкерлерге үстемақы төленіп жатыр. Қаңтар айының өзінде аймағымызда 3986 ақ халаттыға 989 млн теңгедей қосымша ақы берілді. Алайда, емханалардың қызметіне тұрғындар жиі шағымданады. 

Нұрлан Қасымов, облыстық «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» қақ  филиалының директоры:

Өткен жылдың өзінде Павлодар облысы тұрғындаранынан медициналық ұйымдарға қатысты  508 шағым келіп түсті. Олардың басым бөлігі  бұрынғы бірінші емханаға -51 ,  4 емханага 44 шағым, №1 қалалық ауруханаға  37  шағым келіп түсті. Арыз шағымдардың көбісі  консультативтик кеңес беру, жолдама беру, сапасыз қызмет көрсетумен байланысты. Бұл бағытта да медициналық ұйымдармен жұмыстар жалғасады.

Осы ретте, қор медициналық ұйымдарға айыппұл салумен шектелетінін мәлімдеді. Шағымдарға құлақ аспаған мекемелермен алдағы уақытта келісімшарттар бұзылып, мемлекеттік сатып алудан қалыс қалуы мүмкін.  Жалпы, 2021 жылға облыстық денсаулық сақтау саласына қордан соммасы 64,8 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.

 

Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
19:36, 9 сәуір 2021
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
19:54, 8 сәуір 2021
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...