ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Облысқа «Спутник лайт» вакцинасы жеткізілді

18:36, 20 қаңтар 2022

Павлодар облысына ресейлік «Спутник лайт» вакцинасының 6500 дозасы жеткізілді. Қазір облыстық аурухананың қоймасынан барлық өңірдің медициналық қызметкерлеріне жөңелтіліп жатыр.

Сарапшылардың мәліметінше, препараттың тиімділігі 79,4 пайызды құрайды. Аталған вакцинаның қауіпсіздігі бірқатар елде расталған. Мұздатылған препарат түріндегі «Спутник Лайт» вакцинасы - 18 градустан жоғары емес температурада жарықтан қорғалған жерде сақталуы тиіс.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Ертеңнен бастап тұрғындар бұл екпенің түрімен ревакцинация жасай алады. 6500 дозаның жартысан көбі медициналық мекемелерге үлестірілді. Айта кету керек, бұл вакицнамен тек ревакцинация жасауға болады. Сондай-ақ, денсаулық министрлігі СПутник ВИ вакцинасымен қайта екпе салуға рұқсат берді.

Бұдан бөлек, соңғы қаулыға сәйкес медициналық қызметкерлер мен 60 жастан асқан адамдарға пфайзер вакцинасы да салынып жатыр.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м. а.:

Сонымен қоса, комернати вакцинасы, яғни пфайзермен жұмыс жалғасуда. Бүгінде толыққанды екі компонентті 2400-ден астам жасөспірім, 123-тен астам жүкті әйел, 1045 әйел қабылдады. Сонымен қоса, ревакцинация жүргізіліп жатыр. Бүгінде облыс бойынша 52618 тұрғын ревакцинацияланды.

Облыстың 338 мың тұрғыны вакцинаның екі компонетін де салдырған. Бұл шамамен 68 пайызды құрайды. Бүгінде өңірде вакцинаның барлық түрлері қолжетімді.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...