ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Облыс дәрігерлері құрметке ие болды

13:19, 18 маусым 2022

«Аманат» партиясы да медицина саласының қызметкерлері күні аясында дәрігерлерге құрмет көрсетті. Өзгенің өмірін құтқаруға әрдайым дайын тұратын азаматтардың еңбегі әрқашан еленуі тиіс. Марапаттау рәсіміне қатысып келген тілшіміз жалғастырсын.

Медицина қызметкерлері күні аясында «Аманат» партиясының филиалында ақ халаттыларға құрмет көрсетілді. Осы атаулы күні адам жанын арашалайтын, ақ желенді абзал жандардың еңбегі еленді. Қарапайым көлік жүргізушіден бастап білікті дәрігерлерге дейін ортаға шығып лайықты марапатын алды. Олардың қатарында 20 жылдан астам уақыт Баянауыл аудандық ауруханасында дерматовенеролог дәрігер болып еңбек еткен Төлеген Қадырұлы да бар.

Төлеген Қадырұлы, Баянауыл аудандық ауруханасының дерматовенеролог дәрігері:

24 жыл бойы осы денсаулық саласында қызмет жасап келемін. Халықтың денсаулығы үшін. Пандемияның барлық уақытында жұмыс жасадық. Бүгін жалпы Қазақстандағы қызметкерлер күні аясында еңбегімізді елеп, марапаттап жатыр. Аманат партиясының атынан алғыс хатқа ие болдық.

Ақ халаттыларға орталық аппараттың  алғыс хаттарымен қатар, өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовтың атынан марапаттар табысталды. Жалпы бұл күні 80 ге жуық азамат арнайы сый-сыяпатқа ие болды.

Илья Теренченко, «AMANAT» партиясының ПОФ атқарушы хатшысы:

Біз бүгін тек дәрігерлерді ғана жинамадық. дәрігерлермен қатар медицина саласында жүмыс жасап қатқан басқа да қызметкрелерді осы марапатқа лайықты деп көрдік. Әр медициналық қызметкерге көп нәрсе байланысты. Ауыл, аудандардың медбикелер, санитарлар, жүргізушілер келді. Жалпы барлық дәрегрлердің 30 пайызы Аманат партиясы құрамында. Бірақ бүгін біз бұл санатқа қарамаймыз.

Жалпы, салтанатты шараға келе алмаған медицина қызметкерлерін партиялықтар жұмыс орындарында құттықтап, марапаттарын беретін болады.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...