ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті

19:16, 24 қаңтар 2022

Сондай-ақ, мобильді бригадалар жедел жәрдем дәрігерлерінің жұмысын жеңілдетіп жатыр. Өткен демалыс күндері Павлодар қаласының №1 емханасына қарасты Мобильді бригадалар 170-тен астам шақырту алған. Олар жедел түрде респираторлық инфекциялар, коронавирус немесе пневмония белгілері бар науқастарға медициналық көмек көрсетеді.

Мобильді бригада мүшелерін емханадан табу мүмкін болмады. Күн сайын таңертеңнен кешке дейін дәрігерлер қала тұрғындарына барып, алғашқы көмек көрсетеді. Жылжымалы бригадалар жергілікті бекітілген аймақ бойынша жұмыс жасайды. Павлодардағы №1 емханада 14 бригада тіркелген.

Қарлығаш Райсова, қалалық №1 емхананың эпидемиолог дәрігері:

21-і күні шыққан жарлыққа сәйкес, карантин енді 10 күнге созылады. Ауру белгілері болмаса, 7-ші күні анализ сараптамаларын жасаймыз. Нәтижесі арқылы шешім қабылданады.

ПТР сынақтарын жинау мобильді топтар көрсететін қызметтердің бірі. Сондықтан медициналық қызметкерлер барынша санитарлық талаптарды сақтауы қажет.

Қарлығаш Райсова, қалалық №1 емхананың эпидемиолог дәрігері:

Бізде бір рет қолданылатын комбинезондар, аяқ киімдер бар. Ал бұл жерде сондай-ақ қызметкерлеріміз ауырмас үшін суық кезде қолданатын комбинезондар мен бас киім бар.

Мобильді топтар демалыс күндері де қызметін тоқтатпайды. Әсіресе қазір коронавирус ушығып тұр.  Күн сайын 1000-жуық адамнан ауру анықталып жатыр.

 

Құдайберген Бердімұрат, Ергали Рамазанулы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...