ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Мәжіліс депутаттары дәрігерлермен кездесті

19:34, 12 мамыр 2022

Павлодар облысына жұмыс сапарымен мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким мен Анатолий Бойчен келді. Халық қалаулылары 20 мымарға дейін қала, аудандарды аралап, рефрендумға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізбек.

Алдағы референдум бойынша облыстық штаб құрылып, ақпараттық түсіндірме жұмыстары басталып кетті. Осыған орай өңіріге жұмыс сапарымен мәжіліс депутаттары келді. Алдымен қаламыздағы медициналық ұйымдардың қызметкерлерімен кездесіп, 5 маусымда өтетін референдумның маңыздылығын түсіндіріп өтті.

Вера Ким, ҚР мәжіліс депутаты:

Бұл референдум әр қазақстандыққа өзінің пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Конституцияға енетін өзгерістер бес бағытқа бөлінетін болады. Осылайша алдымен суперпрезиденттіктен арыламыз. Ел тұрғындары мемлекетті басқару процесіне кірісе алады. Бұл бес бағыт бір адаммен ғана немесе депуттармен емес халықпен, елмен бекітіледі. Еститін мемлекет форматына өтіп жатқанымыз дұрыс. Осылайша Конституцияның 3-тен бір бөлігене өзгеріс енетін болады.

Ақ халаттыларға алдымен депутат Айгүл Нұркина конституциялық реформаның өзгерістері туралы баяндама ұсынды. 30 жылдық тарихы бар елімізде қандай заңнама қай уақытта өзгертілгені де айтылды. Осыдан 27 жыл бұрын болған Ата заңдағы өзгерістер енді міне жаңа леппен Жаңа Қазақстанға бағыт бермек. 

Думан Изгутдинов, кардиологиялық орталықтың дәрігері:

Еститін үкімет қабылдағанда. біздің ҚР халқына мүмикіндік деп ойлаймын. Келешекке халықтың қа. Атазаңға өзгерту енгізу деген үлкен жағдай.

Осылайша халық қалаулылары Павлодар облысының барлық азаматымен ақпараттық жұмыстар жүргізеді. Шалғайдағы елдімекен тұрғындары да назардан тыс қалмайды.   

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...