ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МӘМС жүйесі арқылы 135 195 адам сақтандырылмаған

18:20, 10 маусым 2021

Ертіс өңірінің халық саны 750 мың 360 адам. Оның тек 407 141 азаматы әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын санатқа кіреді. Олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейді. Ал, облыс тұрғындарның 18 %-ы әлі де сақтандырылмаған.

Осы жылдың 5 айында Павлодар облысының тұрғындарынан МӘМС қорына 5,7 млрд. теңгеден астам қаражат түсті. Республика бойынша түсімдердің жалпы сомасы 132 млрд. асып жығылады. Медициналық сақтандырудың арқасында облыстың денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті де жылдан жылға көбейіп барады.

Нұрлан Қасымов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры:

Павлодар облысының ағымдағы жылдың 5 айында 5,7 млрд теңге. Негізі 13,7 млрд теңгеден артық түсім болады деп күтілген. МӘМС пакетінде 24 млрд теңгеден астам ақша шығарылады. Біз облыс тұрғындарынан жиналатын қаржыдан гөрі, еке есе ғып қызмет көрсетеміз. 

Сондай-ақ, биыл медициналық сақтандыру арқылы ЭКО-ға бөлінетін қаражат мөлшері де ұлғайтылмақ.

Нұрлан Қасымов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры:

Экстро корпоралды ұрықтану бойынша гере былтыр 46 әйел жіберілсе, биыл 290 әйелге қаражат жоспарланған. Қазіргі таңда 52 әйел 3 айдың ішінде ЭКО-ға жіберілді.

МӘМС қаражаты есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1,6 млрд.теңге жұмсалған. Атап өтейік, «Қолдау» қосымшасы арқылы қорға тұрғындардан шағымдар мен өтініштер түскен. Әр арызға міндетті түрде тексеріс жүргізіледі дейді Нұрлан Қасымов.

Нұрлан Қасымов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры:

Қазіргі кезде Екібастұздағы «Дисконт» деген корпоратив, бұрынғы 1 поликлиника. Павлодар қаласы бойынша 1-ші емханаға көп арыз түсіп жатыр.

Бұдан бөлек, Павлодарға шетелден келген азаматтар медициналық сақтандыруды алуға құқылы.

Нұрлан Қасымов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры:

Біздің өңірде осындай азаматтар көп. Әсересе Ресейден келген азаматтар үшін, егер олар келісімшарт бойынша жұмыс істейтін азаматтар болса, олар төлемдерді Қазақстан азаматтары сияқты төлеп отыруы тиіс.

Қор сондай-ақ, пандемияға байланысты жарналарды төлеуден 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылған шағын және орта бизнестің жалдамалы қызметкерлеріне шартты сақтандыру мәртебесін беру жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Нұрлан Қасымов атап өткендей, бүгінде облыс халқының 18% - ы әлі күнге дейін сақтандырылмаған. Олардың басым бөлігі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының тұрғындары.

 

Аяулым Рахымжанова

 

Тақырып бойынша материалдар

Елордалық дәрігерлер қабылдау жүргізді
18:58, 9 маусым 2021
Елордалық дәрігерлер қабылдау жүргізді
Толығырақ...
Вакцина салдырған 50 адам КВИ жұқтырды
18:57, 9 маусым 2021
Вакцина салдырған 50 адам КВИ жұқтырды
Толығырақ...
Маусымдық аллергиядан қалай айығуға болады?
22:31, 8 маусым 2021
Маусымдық аллергиядан қалай айығуға болады?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...