ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

МӘМС жарналары өсті

18:13, 15 қаңтар 2022

2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жарналары өсті. Бұдан былай, ең төменгі жалақының өсуіне байланысты төлемдер де өзгеретін болады.

Алма Мұқатова, «МӘМС» қорының ПОФ бөлім басшысы:

Жұмыс берушілер жалақы фондының 3 пайызын төлейді. Кәсіпкерлер 4200 теңге, 60 мыңның 1,4 пайызын құрайды. Өз өзін жұмыспен қамтыған кісілерге келетін болсақ, бірыңғай жиынтық көлемі 3663 теңге болады. Дербес төлеушілер  3 мыңнан төлейді.

Сонымен қатар, 15 санаттағы азаматтар бұрынғыша жеңілдікті топқа жатады. Олар балалар, зейнетақы төлемдерін алушылар, мүгедектер, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, Көпбалалы аналар оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» марапатына ие болғандар, жұмыссыз қалған қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Айта кетейік, Павлодар облысында 390 мыңға жуық адам аталмыш санатта, яғни міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлемейді.   

Алма Мұқатова, «МӘМС» қорының ПОФ бөлім басшысы:

Ең ақырғы ақпарат бойынша 392 мың адамдай тұрғындар жеңілдік алады. 748 мың астам тұрғының 392 мыңы жеңілдікті санатқа енеді.400 мың түгелі қорға төлемейді. тек қана 81 пайызы ғана төлеп отыр. Мақсаты төлем тиөлеушілердің санын 86 пайызға жеткізу деген.

Жалпы елімізде жеңілдікті санатқа 11 млннан аса тұрғын енеді. Жарна құны бір адамға шамамен 2000-3614 теңгені құрайды. 2017 жылдан бастап қорға Павлодар облысы тұрғындарынан  34 млрд теңге аударылған. 2022 жылы 14 млрд теңге қорға жіберілді. Ал, Міндетті әлеуметтік медициналық қорынан біздің өңірге былтыр 28 млрд теңге бөлінді. 

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

«Спутник лайт» вакцинасын салу басталды
19:28, 21 қаңтар 2022
«Спутник лайт» вакцинасын салу басталды
Толығырақ...
Антирекорд: 865 адамнан коронавирус анықталды
19:26, 21 қаңтар 2022
Антирекорд: 865 адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
20:09, 17 қаңтар 2022
Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
Толығырақ...