ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Мейірімді мейірбике

20:03, 12 мамыр 2022

Тақырыптан ауытқымаймыз. Өңірде қызметіне адал жандар жетерлік. Бүгін біз жиырма жылға жуық тәжірибесі бар мейірбике Гүлмира Жүсіпованың еңбек жолына тоқталамыз. Ата-анасының салған жолын қуып, білікті маман дәрежесіне жеткен ол, қазір кардиохирургиялық орталықта жұмыс істеп жатыр.

Мейірімін төгіп, аялы алақанымен, жылы шырайымен науқастарды емдеп шығатын бірде бір адам ол - мейірбике. Кез келген медициналық мекемеде оларсыз іс жүрмейді. Ғимараттың тазалығынан бастап, науқастың көңіл күйіне дейін  назарында ұстайтын жандар. Гүлмира Жүсіпова мейірбикелік салада 18 жыл жұмыс жасайды.

Гүлмира Жүсіпова, кардиологиялық орталықтың аға мейірбикесі:

Мейін ойымша мейірбике өте жауапты. Сол науқастардың қасында жүреді. науқастардың ауытрашылығын соынң бәрін біледі, сезеді. Соның түгелі мейірбикенің қолында.

Еңбек жолын қаламыздағы онкологиялық диспансерде бастаған. Қазір бөлімшедегі 15 мейірбикеге бас болып, науқастардың аман-есен үйлеріне оралуына бар күшін салуда.

Гүлмира Жүсіпова, кардиологиялық орталықтың аға мейірбикесі:

Онкологияда да, кардиология да науқастар ауыр. психологимялық түрде кішкенена уырлау. мында крдиохирургияда. ал мында кардиохрургияда+Физикалық тұрғыда кішкене ауырлау. Пандемияны да өттік. Ешкім ешқайда кеткен жоқ.

Ол туралы жылы сөзді әріптестері де аямады. Бөлімшеде науқастармен қатар дәрігерлерге, мейірбикелерге анамыздай қарайды дейді. Жауапкершілігі мен жанашырлығы бір жанға түйіскендей.  

Мұрат Райханов, бөлімше меңгерушісі:

Біз оны бөлімшеде еркелетіп «мама» дейміз. Себебі әрдайым қамқорлық танытып, өз жұмысын ғана жасап қоймайды. Науқастармен де қарым-қатынасы өте жақсы. Ол кісіде қандай да бір қиындықтар болса да, жұмысқа әрқашан жақсы көңіл күймен келеді. Әріптестерін қолдауға тырысады.

Гүлмира Жүсіпованың ата-анасы, туған-туыстары да медицина саласының мамандары. Сондықтан оған бұл бағыт таңсық емес. Әулеті таңдаған мамандықты абыроймен алып жүру жауапкершілікті қажет етеді. 

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...