ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Медициналық экспонаттар музейі

20:52, 23 маусым 2022

Музей дегенде көз алдымызға ең әуелі тарихи жәдіргерлер елестейді. Бірақ, музей деген тек мұнымен шектелмейді. Адамзатқа сырын ашпаған тым терең, мың мағынасы бар. Ал, бұл жолғы көрменің ерекшелігі медициналық затитар қойылуында. Мұражайдан 1959 жылғы мақтадан тартып, шыныдан жасалған шприцке дейін көруге болады. Аталмыш мұражай денсаулық сақтау басқармасы жанынан ашылып отыр.

Аурухана мұражайы-бұл ғылыми ой пайда болатын орын, ол қазіргі медициналық қызметкерлерді және тек білімді сіңіру процесінде жүргендерді шабыттандыруы керек. Мұндай орын 2014 жылы Сұлтанов атындағы облыстық аурухана базасында ұйымдастырылды. Мұражай үш жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.

Гүлнар Сейітқазинова, «Саламатты Павлодар» медициналық ассоциациясының төрайымы:

Көріп тұрғандарыңыздай біздің экспонаттар өте ерекше. Көрген жан тамсанбай қоймайды. Бұл ультрадыбыстық аппарат, бұл автоклав, бормашина, мақта, қайта пайдалануға болатын шприцтер. Көптеген қызықты жабдықтар  бар.

Мұражайда бірегей экспонаттар ғана емес, сонымен қатар аймақтың денсаулық сақтау саласының тарихы да бар. Бұл дегеніміз медициналық істің бастауында тұрған адамдардың аты-жөні, әр ауданның тарихы, көрнекті дәрігерлер, облыс медицинасының дамуының маңызды кезеңдері.

Гүлнар Сейітқазинова, «Саламатты Павлодар» медициналық ассоциациясының төрайымы:

Бұл мұражайға кез-келген адам бара алады. Кіру тегін, бірақ, әрине, сіз барған кезде қауымдастықпен байланысуыңыз керек.

Мұражай "Саламатты Павлодар"медицина қызметкерлері қауымдастығының жетекшілігінде. Жақында ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз,-дейді спикер. Орталық, денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жұмыс істейді.

Гүлнар Сейітқазинова, «Саламатты Павлодар» медициналық ассоциациясының төрайымы:

Осы жерде арнайы семинарлар ұйымдастырып тұрамыз. Себебі, дәрігерлерге мұндай тренгингтер көп пайда бередлі. Тіпті, өздерін еркін ұстауға мүмкіндік мол. Біз барынша жий-жиі ұйымдастырып тұрамыз.

Жақында ғана "Алтын шипагер" жүлдесінде өңірлік жедел жәрдем қызметі жеңімпаз атанды, Павлодар Медициналық Жоғары Колледжі үздік атанды, ал "Құрмет" сыйлығы екі медицина қызметкеріне – дәрігерге және бас медбикеге табыс етілді. Бұл жерде сөзсіз "Саламатты Павлодар" қауымдастығының Еңбегі бар.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарлық «103» қызметі республикада үздік атанды
18:48, 21 маусым 2022
Павлодарлық «103» қызметі республикада үздік атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...