ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды

20:09, 17 қаңтар 2022

Павлодар облысында ревакцинация қарқынды жүргізілуде. Бүгін перинаталдық орталықтың 90-ға жуық қызметкері Пфайзер екпесін салғызды. Толығырақ тілші материалында.

Медициналық қызметкерлер ковидтің ушығып тұрған кезінде екпе салдырудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсініп отыр. Вакцина алуға келгендердің қатарында акушер-дәрігер Айсұлу Маратқызы да бар.

Айман Оспанова, облыстық перинаталдық орталықтың басшысы:

Жалпы жағдайым жақсы. Оған дейін Хаят вакцинасын алған едім. Бүгін ревакцинация келдім. Барлығы жақсы, Ешқандай шағымдарым жоқ.

Перинаталдық орталық қызметкерлері ревакцинация жасау үшін №5 қалалық емхананың мамандарын шақырған. Бірнеше сағаттың ішінде орталықтың 75 қызметкері екпе салғызды. Жалпы орталықта 325 адам жұмыс жасайды. Олардың бәрі кезең кезеңімен ревакцинация алатын болады.

Айман Оспанова, облыстық перинаталдық орталықтың басшысы:

Бүгін 90-ға жуық қызметкеріміз пфайзер екпесін алды. Әлі де екпе салғызам дегендер келіп жатыр. Ақпан, наурыз айларында да алатындар бар. Өзіміз ойлағандай ревакциянация қарқынды жүріп жатыр.

Айта кетейік, өңірде эпиджағдай мәз емес. Осы коронавирустық ахуал мен соңғы төтенше жағдайға байланысты перинаталдық орталық жұмысы да өзгерді. Мында тек ПТР тесті расталмаған жүкті келіншектер ғана жатқызылады, себебі ана мен бала өмірі басты назарда. Алайда орталыққа түсіп, бірнеше күннен кейін тіркелетін жағдайлар да болады.

Айман Оспанова, облыстық перинаталдық орталықтың басшысы:

Бізге жүкті әйелдер жедел, ПТр тестілеуі расталмаған болып түссе де, кейбірінде бізге түскеннен кейін бірнеше күннен кейін коронавирус расталып жатады. Мысалы демалыс күндері Кви-дің 5 жағдайы анықталды, біз оларды инфекциялық босану бөлімшесіне жібердік. 

Жалпы, облыста 43 753 адам ревакцинация алды.  Олардың 8 мыңы медициналық қызметкерлер.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...