ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Маусымдық аллергиядан қалай айығуға болады?

22:31, 8 маусым 2021

Жаз мезгіліне ағзаның шаң-тозаңға, түрлі өсімдіктерге, гүлдерге реякциясы күшейеді. Осы кезеңде көз қызарып, мұрын бітеледі. Бұған қоса шыбын-шіркей шағуы да теріге әсер ететіні белгілі. Бұндай жағдайда не істеу керек? Әріптесім анықтап көрді.

Шыбын-шіркей шаққанда теріңіз қызарып, кей жерлері аздап бөртіп жатады. Аллерголог мамандардың сөзінше, бұл алғашқы терінің реакциясы.

Жадыра Сәлімжанова, аллерголог-иммунолог дәрігер:

Маса, шыбын-шіркей шаққан кезде реакция болады. Қызару, қышу, ісіну түрінде. Ал, егер ара шағатын болса, міндетті түрде дәрігерге қарау керек.

Көп жағдайда шағудың іздері 2-3 аптадай алаңдатуы мүмкін. Сондықтан, дер кезінде шара қолданған жөн.

Жадыра Сәлімжанова, аллерголог-иммунолог дәрігер:

Шаққаннан кейін салқын сумен және сабынмен жуу керек. Содан кейін антисептик немесе сутегі асқынымен сүртуге болады. Аллергияға қарсы әсері бар гель не крем қолдануға болады.

Ал, балалар дәрігерлері болса, мамыр айынан бастап 60-тан астам бала қабылдау бөліміне түскенін айтады. Тіпті, ауыр халде бір бала ауруханаға жатқызылыпты.

Өмірзақ Хаиргельдин, балалар хирургі:

Маусым айының бірінші аптасында 20 бала қаралды. Оның біреуі ауруханаға қатты аллергиялық реакциямен жатқызылды. Бүгінде жағдайы орташа тұрақты. Ата-аналар әртүрлі аэрозоль, спрейлерді қолдануға шақырамыз. Себебі балалар шаққан жерді қасып, ол жерге инфекция кіргізуі мүмкін.

Мамандар бірауыздан, маусымдық аллергиядан қорғану шараларын барынша қолдануға шақырады. Егер де асқынып жатқан кезде тәулік бойы жұмыс істейтін қабылдау бөлімінее жүгіну керек.

 

Мөлдір Бультекова

Тақырып бойынша материалдар

Кардиологиялық орталықта 128 науқас ем қабылдап жатыр
18:55, 3 тамыз 2021
Кардиологиялық орталықта 128 науқас ем қабылдап жатыр
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 100 НАУҚАС ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР
20:22, 2 тамыз 2021
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 100 НАУҚАС ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...