ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МАЙ АУДАНЫНДА 400 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

19:08, 4 мамыр 2021

Май ауданында коронавирустық инфекцияның қарсы вакцинация жұмыстары қарқын алды. Ауыл тұрғындары екпе салдыруға асық. Елдімекенге барып келген тілшіміз Мөлдір Құрымбай толығырақ тарқатсын.

Май аудандық ауруханасына екпе алуға келгендердің қарасы қалың. Вакцинация тәртібі бұрынғыша. Алдымен терапевт маман тұрғынның қан қысымын, дене қызуын тексеріп, ауырсынған жерлері жайлы сұрастырады. Бұдан кейін барып, екпе салынады. Ең бірінші болып ақпанда вакцина алғандардың бірі жергілікті дәрігер Айнұр Штифель.

Айнұр Штифель, аудандық аурухананың дәрігері:

Мен осы вакцинаны отбасымда балаларым бар, жолдасым бар. Отбасымның және жанұямның қауіпсіздігі үшін алдым. Осы вирус ауа-тамшылы жол арқылы жұғады. Сондықтан мен күнделікті әртүрлі науқастармен жұмыс істейміз. Сондықтан, жалпы отбасымның қауіпсіздігі үшін алдым вакцинаны.

Науқан басталғалы бері дәрігерлер, педагогтар мен ішкі істер қызметкерлері екпе салдырған. Барлығы 400-ден астам адам вакцинаның бірінші компонентін алып үлгеріпті.  

Жандос Амирханов, аудандық аурухана бас дәрігерінің м.а.:

Қазіргі кезде халық та алып жатыр. Осының бәрі, бүгінге дейін 400-ден астам адам бірініші компонентін алса, 70-тен астам кісі екінші компонентін алды. Ешқандай «побочные действия» ешкімде болған жоқ.

Шалғайдағы ауылдықтар үшін облыста мобильді бригадалар жұмыс істейді. Вакцинаның бір құтысы 5 адамға егіледі. Сондықтан, алыстағы ауылдарда кем дегенде 5 адам жиналса, жедел бригада не өздері барып вакцина салады, не орталыққа алып келеді.

Жандос Амирханов, аудандық аурухана бас дәрігерінің м.а.:

Бүгін 3 машина, мобильның бригадалар вакцина жасауға ауылдарға шықты. Қаратерек, Малайсары, Баскөл ауылдарына. Дәрігерлік амбулаторияларда халық вакцина ала алады.

Қазіргі уақытта Май орталық аудандық ауруханасында 3 екпе кабинеті жұмыс істейді. Кез-келген адам таңғы 9-дан кешке дейін жеке куәлігімен барып, тегін вакцина ала алады.

 

Мөлдір Құрымбай

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҒУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
19:18, 5 мамыр 2021
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҒУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...