ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Құйылмалы балмұздақтан қауіп бар

17:27, 4 тамыз 2022

Павлодар қаласында жұмсақ балмұздақ сататын дүңгіршектер тексерілді. Аталмыш тәтті десертте ішек таяқшалары кездесуі мүмкін, одан адамдар уланады. Сондықтан қауіптің алдын алу мақсатында рейд жүргізілді.

Жаз кезінде балалар мен үлкендердің сүйіп жейтін десерті – балмұздақ. Бірақ оның құрамында сүт болғандықтан тез бұзылады және одан кейде адамдар уланып жатады. Бәрі де азық-түліктің сақталуына,  сапасына байланысты. Осы ретте бүгін мамандар Павлодар қаласында сатылатын жұмсақ балмұздақтарды тексерді. Онда  ішек ауруларын тудыратын таяқшаларының бар-жоғы анықталды.

Айым Ахметжанова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы:

Тиісті нормаларға сәйкес жұмсақ балмұздақ ғимараттардың ішінде сатылуы тиіс. Онда азық түлікті сақтайтын арнайы орындар, су жүйесі, кәріз жүйесі  болады. Ал, далада рұқсат етілмеген аумақтарда балмұздақ сатуға және сатып алуға болмады. 

Негізі, ішек ауруларын тудыратын таяқшалар өте қауіпті және одан адамдар уланып жатады. Сондықтан алдын алу мақсатында санитарлық дәрігерлер әзірге тек түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Айым Ахметжанова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы:

Егер балмұздақтарда ішек таяқшалары кездессе жаппай улану болуы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпкерлермен тек түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Себебі, шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізілген еді. Бірақ біз міндетті түрде балмұздақтарға берілген сертификаттарды сұрайтын боламыз. Ол балмұздақты әр түріне болу керек.

Егер балмұздақтан кем дегенде 5 адам уланып, дәрігерге жүгінсе онда шағын кәсіпті жоспарсыз тексеру жұмыстары басталады.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...