ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Күйік шалған науқасқа фибробласт жасушалары қолданылды

20:38, 28 желтоқсан 2021

Павлодар қаласының №1 ауруханасының күйік шалу бөлімшесінің хирургтары ерекше ота жасап, 33 жастағы адамның өмірін құтқарып қалды. Отаның ерекшелігі онда теріні сақтап қалатын фибробласт жасушалары қолданылған. Самал Қалиқызы толығырақ тарқатады.

Павлодар облысының 33 жастағы тұрғыны жанармай жалынына күйіп қалып, қалалық ауруханаға жүгінген. Денесінің 70 пайызын күйік шалған ер азаматқа өткен аптада ота жасалды. Теріні қалыпқа келтіретін қызметі бар фибробласт деген жасушалар қолданылған.

Асхат Мұрсалимов, №1 аурухананың күйік шалу бөлімшесінің дәрігері:

Операцияда қолданылған фибробаст жасушалары бір тәулік ішінде  Нұр-Сұлтан қаласынан жеткізілді. Екі құты болды. Екінші күні науқасқа ота жасадық. Бірінші кезеңде науқастың жаралары тазаланды. Антисептик қосындысымен өңделіп, кептірілді. Гельді өнім дайын жараға бір қабатпен жағылды.

Дәрігер  ота аз уақытта, әрі сәтті өткенін жеткізді.  Айта кетерлігі, фибробласт дегеніміз бұл денеге қажет кез келген дәнекер тінін тудыратын жасушалар, олар бүкіл денеде қозғалады және жаңа тіндерді жасау үшін митозға ұшырайды.

Асхат Мұрсалимов, №1 аурухананың күйік шалу бөлімшесінің дәрігері:

Жоқ, бізде бұған дейін осындай ота жасалмады.  Еліміз бойынша ол бұрыннан  қолданылады. Фибробласт бізге құтыдағы спрей, препарат ретінде жеткізілді. Трансплантация жасау кезінде тері учаскілері тез қалыпқа келу үшін жағылады.

Қазіргі таңда науқастың беті бері қарап, жағдайы жақсарды.  Дәрігерлер ер адам жаңажылды үйінде қарсы алады деп отыр.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады
13:23, 28 қаңтар 2022
Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...