ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге азайды

19:38, 30 қараша 2021

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге азайды. Эпидахуал тұрақталып келеді. Коронавирусты емдеуге жасақталған бірнеше медициналық мекеме қалыпты режимге оралып, науқастарды қабылдап жатыр. Дегенмен стационарларда жағдай әлі де мәз емес.

Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін 300 орынға жасақталған 3 қалалық ауруханада 211 адам ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, олардың басым бөлігі - егде жастағы адамдар.

Назира Смағұлова, №3 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

Орта есеппен сол 50-70 жастағы адамдардың көбі екпе екпеген. Жастар әрине жеңіл түрде өтуде. Көбінесе еспе алғандар жеңіл түрде өткізеді. Қазір осыны байқап отырмыз. Әсіресе, екпе алмаған адамдар саны көп мөлшерді алып отыр. Неігізінен эпид ахуал екпе алғандар ауруынан сауығып, үйге шығарып жатырмыз.

Өткен айда күн сайын індет жұқтырған 40-50 науқас ауруханаға жатқызылса, соңғы аптада сырқаттанғандар саны біршама азайған.

Назира Смағұлова, №3 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

Жиырмаға да жетпейді. 18-19 дің арасында. Аурудың жеңіл, ортатүріне байланысты тәулігіне шамамен 40-45 науқас шығарылады.

Жансақтау бөлімінде 20 науқас ауыр хәлде жатыр. Бұнда да көбі егде жастағылар. 10 адам өздігінен тыныс ала алмайды. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Петр Терновой, реаниматолог-дәрігер:

Қазір ең үлкені - 89 жастағы адам жансақтау бөлімінде жатыр. Көбінесе егде жастағы адамдардың өкпесі 50 пайыздан аса қабынған. Ең жасы - қателеспесем 34 жаста. Жасы үлкен адамдармен қоса жастардың да жағдайы ауыр.  Басым бөлігі - вакцина салдырмағандар. Аман алып қалу үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасап жатырмыз.

Баянауыл ауданының тумасы Бекет Есманов өткен аптада аурухана түскен. Қазір жағдайым жақсы, бастапқыда тек жөтел мазалады дейді.

Бекет Есманов, ем алушы:

Жалпы халықтан сұрайтыным: привиканы алуға көбі шалқасынан түседі. Керек нәрсе, өте қажет нәрсе. Басқаменен түсіп, міне мынаған кездесіп отырмыз. Ақ халатты абзал жандарға сөзімізді жеткізу қиын.  Дәрігердің үлкені, кішісі деп айтуға болмайды. Оларға тіке рақмет.

№3 қалалық ауруханада 50-ден аса дәрігер коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеп жатыр. Олардың қатарында індет жұқтырғандар да бар.

 

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады
13:23, 28 қаңтар 2022
Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...