ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Кене шаққандар көбейді

22:23, 17 мамыр 2022

Павлодар облысында маусым басталғалы кене шаққандар саны 100-ден асқан. Олардың қатарында дәрігерге жүгінбегені қаншама. Дәрігерлер біздің өңірде кене энцефалиті кездеспейді деп отыр.

Гүлнәр Құлмағанбетова, санитарлық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Кене энцефалиті біздің облыста кездеспейді. Ол Алматы, ШҚО, Ақмола және көршілес Ресейдің Омбы, Новосібір аумақтарында кездеседі. Ал, кене бөртпе сүзегі пайда болғанда  адамның басы қатты ауырып, дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Денеге ұсақ қызыл бөртпелер шығады.

Сонымен кене шаққандардың басым бөлігі балалар. Мамыр айы басталғалы 8 бала бөртпемен стационарға жүгінген. 

Зере Садақова, облыстық балалар ауруханасы басшысының орынбасары:

Маусым басталғалы бізде 15 бала емделіп шықты. Сәуір айында 7, ал мамыр айында 8 бала болды. Олардың барлығында кене бөртпе сүзегі анықталды. Яғни, кене шаққаннан кейін бөртпелер шықты. Олар орта есеппен 5-7 күн емеделеді. Жағдайына байланысты антибактериалдық терапия, дезинтоксикациялық көмек алады.

Жалпы Қазақстанда кененің акариформды, паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер кездеседі. Искодтық кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24, қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі бар.  Павлодар облысында көбінесе кененің иксодтық немесе жайылымды түрі кездеседі.

Осылайша мамандар дала, табиғат, орманға шыққанда барынша сақ болуға шақырады. 

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...