ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАРТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕР ВАКЦИНА АЛУДА

20:31, 7 сәуір 2021

Жыл соңына дейін 10 млн. қазақстандық вакцина алуы қажет. Сәуір, мамыр және маусым айларында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина салынуы тиіс. Біздің аймақта да аталған науқан қарқынды іске асуда. Бүгін тұңғыш рет өңірдегі қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындары екпе алды. Толығырақ әріптесім Гүлсара Мәлікова түйіндесін.

Гүлсара Мәлікова, тілші:

154 ақсақал мен кейуана, 75 мүгедек жан мекен етіп отырған қарттар мен мүгедектер үйінің 50 тұрғыны ковидке қарсы вакцина алуда. Қазір №4 емханының адам көп шоғырланатын жерлерге барып екпе салатын жылжымалы бригадасы қарияларды мұқият тексерістен өткізіп, денсаулығында кінарат болмаса ғана екпе егуде.

Бейбіт Боранбайұлы екпені алуға қуана келісіпті. 55 жастағы азамат 1-топтағы мүгедек. Жанарынан айрылғанына екі жылдың жүзі болған. Жұбайы екеуінің қарттар үйін мекендегеніне де сонша уақыт. Әлемде болып жатқан жағдайдан  күнделікті хабардар болып отырған жан  вакцина қабылдауды жөн көрген.

Бейбіт Ақылбеков, қарттар мен мүгедектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тұрғыны:

Иньекцияны алуға өзім шештім. Сол дұрыс деп. Енді бұл сынақ қой. Міне бір жыл болды карантинде отырмыз. Карантиннің тәртібін орындадық, отырдық, сондықтан біз ештеме жұқтырған жоқпыз.

Вакцина алушылардың бірі Олег Песегов 30 жыл әскери дәрігер болып қызмет еткен.  Медициналық жіті тексерістен өткен соң вакцина алуға рұхсат алған ол екпеден соң да өзін қалыпты сезінді.  

Олег Песегов, қарттар мен мүгедектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тұрғыны:

Медицина тарихынан біз вакцинацияның арқасында шешек ауруын  жеңгенін білеміз, сондықтан қазір бұл аса қажет. Сондықтан өзімді, маңайымдағыларды сақтандыру үшін екпе алуды азаматтық, кәсіби парызым деп есептеймін.

Бір жыл бойы орталық тұрғындары мен қызметкерлері қатаң оқшаулануда болды. Соның арқасында ковид инфекциясының бір де бір жағдайы анықталған жоқ дейді орталық мамандары.

Гүлсім Әділханова, қарттар мен мүгедектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының терапевті:

229 кісінің барлығы бізге тілек білдірді. Оның ішінен біз өзіміз жұмыс жасап, жеке қабылдаумызда болып, өзіміз іріктеу жасадық. Әр түрлі диагнозбен тұрған адамдар бар. қалған 100 дам вакцинаға жарамды деп  шешіліп отыр.

Вакцина алушылардың жасы 45 пен 65 жас аралығында. Екпеден соң қарттарды дәрігерлер 30 минут бақылауда ұстады. Ертең тағы 50 адамға вакцинацияланады. Ал 21 күннен соң вакцинаның екінші компоненті салынады. Осыдан соң ұжымдық иммунитеттің әсері күтілмек. 

 

Гүлсара Мәлікова

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
19:36, 9 сәуір 2021
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
19:54, 8 сәуір 2021
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...