ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Карантиндік шектеулер жеңілдетіледі

18:04, 22 қыркүйек 2021

Елімізде 27 қыркүйектен бастап «Ашық» жүйесіне енгендер үшін карантиндік шектеулер жеңілдетіледі. Енді тойлар мен мерекелік шараларды өткізу рұқсат беріледі. Қойылатын талап қандай? Сондай-ақ, Павлодар облысында вакцинациялау процесі нәтижелі ме? Самал Қалиқызы тарқатып айтады.

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ведомстваралық комиссия отырысы өтті. Онда бірқатар шешім қабылданды. 27 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер жеңілдетіледі. Көрмелер, марафондар, спорттық шаралар, ойын клубтарының қызметі, діни объектілердің жұмысына рұқсат етіледі. Бірақ жүктемесі мен аймағына байланысты.

Ержан Байтанаев, ҚР премьер-министрінің баспасөз хатшысы:

Бірінші жасыл аймақта салтанатты, естелік  іс шаралар, банкеттер, үлену тойлары, мерекелер толтырылуы 50 пайыз, 100 орыннан аспайды. Сары аймақта толтырылымы 50 пайыз, 70 орыннан аспайды. Қызыл аймақта толтырылуы 50 пайыз, 50 орыннан аспайды. Келесі конференциялар, форумдар, ойын сауық іс шаралары 50 пайыздық толтырылыммен жасыл аймақта 100, сары аймақта 70, жасыл аймақта 50 орыннан аспауы тиіс.  

Сонымен қатар, 16 елмен әуе қатынасы жанданады. Қолайлы эпидемиологиялық ахуал және халықты вакциналаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режим қайта басталады. Бұл жұмыстардың барлығы екпе салдырған азаматтарды ынталандыру мақсатында жасалып отыр. Себебі, аталмыш шараларға тек «Ашық» жобасына қатысқан тұрғындар ғана қатыса алады. Ал, вакцина алғандар саны бойынша біздің өңір ел бойынша соңғы орынға тұрақтапты.

Ержан Байтанаев, ҚР премьер-министрінің баспасөз хатшысы:

Павлодар облысы бүгінгі күні 14 орында. Бірақ қарқынды жүріп жатыр. Айдың аяғына дейін жақсы болады. кеше аралау барысында байқадық, халықтың ынтасы көтеріледі деген ойдамыз.

Балаларды вакцинациялау сұрағы да бүгінгі брифингте талқыланды. Ол мақсатта елімізге «Файзер» екпесі тек төртінші тоқсанда жеткізіледі. Тағы бір мәрте еске саламыз, балаларды вакцинациялау тек ата аналардың рұқсатымен жүзеге асады деді, премьер министрдің баспасөз хатшысы. Елімізде вакцинаны үгіттеу мақсатында «Ел үшін егілемін» штабы жұмыс жасап жатыр. Оның құрамына еліміздің белгілі азаматтары, заңгерлер, блогерлер және дәрігерлер кіреді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Вакцина салдырғандарға птр-тест тапсырудың қажеті жоқ
12:06, 15 қазан 2021
Вакцина салдырғандарға птр-тест тапсырудың қажеті жоқ
Толығырақ...
Індет жұқтырған науқастар азаймай тұр
10:27, 14 қазан 2021
Індет жұқтырған науқастар азаймай тұр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды
12:27, 15 қазан 2021
Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылд...
Толығырақ...