ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕР ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

18:32, 25 ақпан 2021

Павлодарда жиырма жетінші ақпаннан бастап кинотеатрлар мен театрлар жұмысын бастайды. Кітапханалар мен мұражайлар да ашылады. Алайда толымдылығы құжатта белгіленген нормадан аспауы тиіс. Жаңа қаулыға сәйкес тағы қандай шектеулерге өзгерістер енгізілді?

Аймақта соңғы бір тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырған 80 жағдай тіркелді. Жалпы өңірде эпидахуал тұрақтанып келеді, сәйкесінше жиырмасыншы ақпаннан «сары» аймаққа ендік. Осы ретте Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды.  Құжатқа сәйкес аймақта кинотеатрлар, театрлар қайтадан жұмыс істейді.  Толымдығы 20%-дан аспауы керек. Кітапханалар мен мұражайлар да қайта ашылады. Діни орындар да жұмысын жалғастырады.

Ғизат Әбешев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау департаментінің өкілі:

Қоғамдық тамақтану орындары 7-ден 24:00-ге дейін жұмыс істей алады. Толымдылығы ғқ адамнан аспайды. Моншаның жұмыс күні енді 24:00-де аяқталады. Бассйендер жұмыссы шектеусіз, бірақ жексеннбі күні демалыс болып саналады. Сұлулық салондары, шаштараздар, спорт нысандары үшін де жұмыс режиміне шектеулер жоқ. Дәл осындай жағдай азық-түлік және азық-түлік емес дүкендер мен базарлар  уақытты шектеусіз. Сауда орталықтары, үйлер мен желілер демалыс күндері жұмыс істейді, тек 28 ақпан  демалыс күні.

Бұқаралық спорттық іс-шаралар, банкеттер, үйлену тойлары, митингілер мен шерулер, конференциялар өткізуге, корпоративтерді жасауға әзірге болмайды. Караоке, түнгі клубтар, боулинг және батут орталықтары да ашылмайды.

Ғизат Әбешев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау департаментінің өкілі:
Және 2020-2021 оқу жылының  наурызынан бастап контингені қалалық және ауылдық жерлерде мектептер дәстүрлі  форматта оқытылады. Кезекші сыныптарда он бестен аспайды, мектеп бітіруші сыныптар үшін аптаның алты күнінде жетпіс пайыз оқыту сақталады. Отыз пайызы қашқытықтан рұқсат беріледі.

Сонымен қатар, мектеп асханаларына жұмыс жасауға рұқсат берілді. Ал, қоғамдық көліктер жұмысын жалғастырады. Келесі аптадан бастап автобустар сенбі, жексенбі күндері де жүреді. Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймақтан шықты. Жаңа қаулы 27 ақпаннан бастап күшіне енеді.

 

Аяулым Рахымжанова, Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
19:36, 9 сәуір 2021
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
19:54, 8 сәуір 2021
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...